Маңғыстау обылысы
Мұнайлы ауданы
«12 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибадуллаева Жарқынай Нұғманқызы
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама
(алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Бастауыш сатыда мектепке дейінгі біліммен сабақтастықта қарастырылған бағдарлама мен оқу — әдістемелік кешендер жетілдіріледі. Онда жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың табиғи жалғасы ретінде мектепке дейінгі білім мектептің бастауыш сатысында сабақтаса әрі қарай жалғастырылады. Бастауыш саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға, білім алуға жағымды жағдай жасайды.Жалпыға міндетті орта білім стандарттарын (жалпы бастауыш білім) білім нысанасы ретінде білім мазмұны алынған болса, өркениетті елдердің тәжірбиесінде білім нысанасы ретінде – оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай, білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың түрлі формаларын пайдалану және жаңа білім моделіне көшуді іске асыру жұмыстары кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. «Математика» білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім мазмұнын жетекші компоненттері және білім, түсіну, қолдану, жоғары, сипаттағы біліктер деп саналатын категориялар арқылы бейнеленген оқу материалдарын меңгеру деңгейлерін ескере отырып, анықталады. Күтілетін нәтижелер барынша маңызды білім, дағдыларды, қатынастарды ғана бейнелеп қоймай, оқушылардың оқу жетістіктерінің біртіндеп дамуын көрсетеді.
Қорытынды ретінде жазатын болсам, оқыту үшін бағалау оқушылардың өздерін-өздері және бір-бірін бағалау екендігі туралы жоғарыда айтып кеттім.
Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау өте тиімді болып табылады. Бұл бағалау әдістері бойынша оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Математика пәніне деген көзқарасы өзгеріп, қосымша ізденіп, көптеген тапсырмаларды (слайд, тренинг, суреттерді.т.б.) дайындап келеді. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалауы (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)