Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі
Каскырбаева Жулдызай Жугериевна
Мақсаты: Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту.
а) Балаларға ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә) Ата-ана, тәрбиеші, бала арасындағы ынтымақты нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы балалардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
Көрнекілігі: Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер жазылған слайд.
Тәрбиелік іс-шараның барысы:
І. Сан сұраққа саяхат
ІІ. Сыңарын тап
IІІ. Тыйым сөздерді білесіздерме?
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Жүргізуші:
— Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шыңдап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында деуімізге болады.
Бүгінгі біздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілгелі отырған «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты тәбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сайысымызға Сабыровтар отбасы, Оразақындар отбасы, Сурагановтар отбасы қатысып отыр.
І — кезең. Өз жанұясын таныстыру.
«Ботақан» тобының биші қыздары «Қамажай» биін билеп береді.
ІІ- кезең. Салт – дәстүрден шағын көрініс көрсету. Сабыровтар отбасы сүйінші деген не? Сүйінші туралы түсінік береді. Оразақындар отбасы тоқымқағар деген не? Тоқымқағар туралы баяндайды. Сурагановтар отбасы тұсау кесер салтын көрсетеді.
Балалар «Қасиетті домбыра» әнін орындайды.
ІІІ-кезең. Өз өнерлерін көрсету.
Келесі кезеңде бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.
Иә, «Сөз асылы – мақал» деп атам қазақ текке айтпаған ғой. Өйткені, бақыт та, нұр да, жыр да, тыныста — бала. Осы бала бағбаны кімдер?
Әрине, ата- ана. Жас жеткіншек қашан да ата – ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп қалыптасады.
І. «Сан саяхат»
1.Төрт түліктің пірлерін атаңыз?
Жылқы атасы — Қамбар ата,
Сиыр атасы — Зеңгі баба,
Түйе атасы — Ойсыл қара,
Қой атасы — Шопан ата,
Ешкінің иесі — Сексек ата.
2.Тағам, дәм байлығы мен берекенің бейнесі не? Дастархан
3. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
4. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? әнші сазгер А.Қоразбаев.
- Күйеу жігіттің төл сыбағалары қалай аталады? (төс пен асықты жілік.)
- Кәрі кісілерге жұмсақ, дәмді тағам әзірленеді және қалай аталады? Мұны «бел көтерер» деп атайды.
- Ата-бабадан қалған үй қалай аталады? Қарашаңырақ.
8.Қазан-ошақ деп қосарлана айтылатын киелі де, иелі заттың бірі. Ошақ.
- Киіз үйдің ортасында ошақ құрылып, қазан асылып, от жағылатын орын. Қалай аталады? От орны.
- Үйде қонақ отыратын жоғары, әрі қасиетті орын. Төр
Би «Батырлар биі». «Ботақан» тобының жігіттерінің орындауында.
ІІ. Сыңарын тап.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
«Ботақан» тобының тәрбиеленушілері өз тақпақтарын атйп береді.
ІІ. Тыйым сөздер. «Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма?»
1. Ата — аналарға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру.
Есікті керме, табалдырықта тұрма, кісіге қарап қолыңды шошайтпа, кісі келгенде қатты күлме,қолыңды аузыңа салма, т.б. жалғасады.
Ән «Ақ көгершін» орындайтын «Ботақан» тобының тәрбиеленушісі Оразақын Айзада
ІV. Сіздің пікіріңіз.
1 карточка: Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге;
« шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
2 карточка: Сіздің балаңыз топтағы басқа баламен ойыншыққа таласып, келіспей қалды. Сіз оны көріп қалдыңыз осы жағдайда не істер едіңіз?
3 карточка: Сіз балаңызды алып кетуге бөбекжайға келдіңіз балаңыз тәрбиешіге үйде болған ұрыс керіс жайлы айтып отыр екен осындай жағдайда не істер едіңіз?
4 карточка: Сіздің балаңыз мені топта балалар жабылып ұрады деп күнде шағымдана береді. Сіз тәрбиешімен сөйлестіңіз ол кісі ондай жағдай болған жоқ деды, балаңыз өтірік айтқан болса не істер едіңіз?
Енді барлығымыз бірігіп «Ана туралы жыр» әнін орындайық.
Қорытынды сөз:
Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік.
Ақ сөйлеп адал күлетін бол.
Шындықты жақтап жүретін бол,
Сыйласудың сырын білетін бол.»-дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз