Танбетова Күлаш Каликызы
Астана қаласы әкімдігінің №75
» Балалық шақ» балабақшасы тәрбиеші
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
«1-1,5 жас аралығында баланың сөздік қоры 30-40 шамасында болады. Екі жасқа аяқ
басқанда, Абай атамыз айтқандай, жылтыраған, шықылдаған ойыншықтарға, заттарға көңіл
аударып, зат, ойыншық аттарын өздігінен атай бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап,
есімдіктермен мынау, анау, мен, сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б.,
домалақ, ұзын, әдемі, жаман, т.б. жаңа да талпынып айта бастаған сөздерінде дыбыстық,
грамматикалық қателер жібереді. Бұл кезеңдегі қателерге назар аударылмай,
баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек. Қойылған
сұраққа сәбидің бірден жауап беруге талаптануы осы кезде баламен сөздік
жұмысын суреттер арқылы да дамытуын қажет етеді, бала сөздігі
300-400-ге жетеді. Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге (Мынау менің… Маған қарашы
көзім қандай, қолым қандай?), өзінің жақсы көретін ойыншықтары, үй жануарлары, олардың
төлдері жайлы жақсы көру сөздерін сезім білдіре айтуды («Бөпені уату», «Қуырмаш» ермек
тақпақтар) ұнатады. Ана тілін сезіммен қабылдау, өзге тілдің құрылымдық
ерекшеліктерін, айтылу әуезін сезіну, оны қабылдау дағдыларының
қалыптасуы 2,5-3 жас аралығында айқын көрініс береді. 4-5 сөзден тұратын сәби сұрақтарын бұл
кезде жауапсыз қалдырмау керек. Сәбилермен сөйлесе бастау кезеңі
3 жаста оның диалогты сөйлеу тілі негіздерін құрайды».
2-3 жастағы сәбилерге тән психологиялық табиғи ерекшеліктерді ескеріп, ата-аналар,
педагогтер қауымы сөздік-альбомды, «Тілашарды» дұрыс пайдаланса, сәби тілінің белсенді сөз
қоры арта түспек. «Суреттi сөздiкте» берілген суреттер баланың жақыннан танитын
ойыншықтары, заттары; көшеде, аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-жансыз
қарекет иелерін аңғарта таныстыратын, өз елінің ерекше тұрмыстық ерекшеліктерін білдіретін
тақырыптарды қамтуы тиіс. Кейін өзі ойыншыққа жақындап бұл сөздерді
өзі қайталауға талпынады. Ойнау кезінде бала ол сөздердің жалпы мағынасын (мысалы, жүн,
жұмсақ) ұғады, бұл сөздер, иттың ғана емес, әтештің, аттың тағы басқа жануар, хайуанат,
құстардағы терінің түгінде кездесетінін түсінетін болады..
4 жасқа қараған бала әрекетінде тілді, сөйлеуді меңгеруде мазмұндық және құрылымдық-
формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың осы кезеңде өздігінен сөз шығарғыштық
белсенділігі басым болуына байланысты оларға сөздің мағыналық және формалық құрылысы
туралы нақты білім берілу көзделеді
1) өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті-сөздердің
дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модульдеу және
оларды есту;
2) дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана тілімен салыстыра алу
қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне тән мағына ретінде түсіне алуы;
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалауы;
4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-кұлқын тәртіптеу үдерісінде сөздің мағыналық
үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті ерекше рөл атқарады. Егер
тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі
солғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Алдымен тілге арнайы оқыту
әдісі қолданылады. Оқыту бірыңғай
теориядан тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы – балабақша үдерісіне жат нәрсе.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, шомылдыру
кезіндегі баламен қатынас үдерісінде еріксіз түрде болуы мүмкін. «Мына құлыншақтың айдары,
құйрығы қайсы?» деп тәрбиеші ойыншық құлыншақтың алдымен айдарын, кейіннен құйрығын
сипап, «айдар», «құйрық» деген сөздерді ерекше бөліп, дауыстап «Міне, айдары, міне, құйрығы!
Қандай әдемі десейші! Қазір біз оның айдары мен құйрығын жұмсақ тарақпен тараймыз. Міне,
айдары да, құйрығы да жап-жақсы, жұп-жұмсақ болды» –деп, баланы өз сөзіне еліктете алуы
керек.
Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше түрі бар. Олар:
1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;
2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;
3) Сөздерді бейнелі қолдануға үйрету сабақтары. Бұл сабақтардың қай-қайсысында да
төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Бақылау әдісі;
2. Сурет қарастыру әдісі;
3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;
4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері.
Бақылау әдісі – арнайы сабақта да, сабақтан тыс режимдік сәттердің әр кезеңінде қолданылатын
әдіс. Бақылауға дайындық кезеңінде тәрбиеші бағдарлама бойынша балаларға танып білуге тиісті
құбылыстырды таңдап алады.
Бақылау кезінде негізгі мақсат – айналаны жоспарлы түрде, біртіндеп бақылату. Тәрбиеші
айналаны танытуда әр түрлі тәсілдерді алмастыра қолданады. Атап айтқанда, затты тікелей
қарастырып (мысалы, қолмен сипап, қозғалмалы зат болса, қозғалтып, жүргізіп көрсету; ұқсас
заттармен салыстырып зерттей қарастыру, түсінбей қалғанын сұрап алуға үйрету), т.б.
Кеңістіктегі уақытты бағдарлай білу дағдылары балабақшадағы іс-әрекет, ойын, серуен
кездерінде нақты мысалдармен тереңдетіле түседі. Бақшадағы қол еңбегі, бейнелеу өнері,
көркемөнерге қатысты аталымдар баланың тікелей бақылауы арқылы жүзеге асып жатады.
Сабаққа дайындық барысы:
1. Тәрбиешінің бақылауға алынатын нысандарды белгілеуі;
2. Саяхат өткізетін жерге бару жолын ойластыруы;
3. Әңгімелесу арқылы бұрыннан білетін жайларын балалардың естеріне салу, яғни
тақырыпаралық байланысты жүзеге асыру;
4. Сабақтың қызықты, ерекше эмоциямен басталуын көздеу, тақырыпқа қатысты тақпақ, жұмбақ
дайындау;
5. Сабақ барысында балаларға берілетін нұсқауларды әзірлеу.
Бағдарлама бойынша қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылау және саяхаттар мен
мақсатты серуендер «Күзгі табиғат аясына», «Құстар қайтқанда», т.б. тақырыптарда
ұйымдастыру көзделген. Тілді табиғи түрде дамыту мақсатымен сонымен қатар күзгі еңбекпен
таныстыру, малшылардың жайлаудан (қырдан) қайтатыны, малдың қыстауына келетіні, малға
жемшөп әзірлеумен малшылыр қалай айналысатыны туралы арнайы әңгімелесу сабақтары
өткізіледі. Балалар мұндай әңгімелесу барысында егінді ору, оны бастыру, тазарту, қоймаға құю
сияқты сөз тіркестеріне үйренеді. Астық дақылдары: арпа, сұлы, бидай, тарыны муляждан көріп,
ойында бекітеді. Олардың пішіндерінің әр түрлілігі және олардан жасалған нандардың дәмі
ерекше екендігі дәлелді түрде түсіндіріледі. Жалпы ұғым беретін (астық, жеміс, дақыл, көкөніс)
сөздері меңгертіледі.
Сурет қарастыру әдісі – балаға эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру жағынан тиімді әдіс.
Балаларға суретті бірден көрсетпей, тәрбиеші сабақтың қай тұсында көрсету тиімді екенін алдын
ала ойластырады. Қазіргі тіл дамыту жағдайы суретке дейін олардың сұлбасын көрсете отырып, басқа ұлт баласының белсенді сөз қорын дамыту жолын тауып отыр. Мысалы, бала тілін ширату
үшін қазақ тіліндегі тақпақтарды жеңіл жолмен тез жаттатуда сол шығармадағы сөздердің,
тіркестердің мәнін бейнелейтін тірек суреттер мен тірек-сызбаларды пайдалану жақсы нәтиже
беріп келеді.
Баланың сөздік қоры көркем әдеби туындыларды мультфильм, компьютер, диафильм арқылы
таныстыру барысында еркін дамиды.Қ. Ыдырысовтың «Аспаз», Ә.Мұсахановтың «Менің анам
дәрігер»,Ғ.Өкеевтің «Біздің балабақшамыз», Ә. Меңжанованың «Тазалықтың досы» сияқты
әндер мен өлеңдердегі кәсіби мамандық иелеріне тән сипаттар суреттелгендігі балаларды
олардың еңбегіне, құрал-жабдықтарына жақындата түседі. Әрбір топ бағдарламасында балаға
мағыналары түсінікті, достарымен, үй-іші, тәрбиешісімен, мұғаліммен сөйлесуде еркін
қолданылатын сөздік қорды тез меңгерту көзделеді.
«Сөз — тілдің негізгі өлшемі.
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына да, жергілікті
халықтың өз балаларының тілін дамытуда да өте маңызды рөл атқарады. Бір ғана «Ғажайып
қапшық» ойынын бірнеше мазмұнды мақсатқа құруға болады: а) қапшыққа салынған ойыншықтарды, муляждарды біртіндеп алып отырып аттарын жекелей айтқызып шығу;
ә) жалпылама мәнді сөздер бойынша айтқызу: «Ойыншықтарды алып шығыңдар», «Жемістерді
жинаңдар», «Ыдыс-аяқтарды алыңдар» деп тапсырма беру, т.б. тапсырмалары да балаларды жинақылыққа және дұрыс толық жауап беруге жетелейді. Қандай әдіс тәсілдерді қолданса да балалардың тілін дамытып, ойын анық жеткізуге жетелеу әр педагогтың міндеті деп білемін
Өте керемет мақала😍 әдіс — тәсілдер өте 🫰👍
Балалардың жан -жақты дамуына әртүрлі әдіс тәсілдер бар👍👍Күләш шығармашылық табыс тілеймін!
Керемет адис.👍🏻
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Керемет әдістер, тамаша пайдалы мақала Күләш Қалиқызы💐👏🏻👏🏻
Өте керемет макала , Куляш апайымыздын баларга деген сүйспеншілігі ерекше !
Біріңші күннен байкалды!!! Жұмыснызда табыс тілеймің 🌺🌺🌺
ajnurabudanova@gmail.com Өте керемет айтылған сөздер
Еңбегіңіз жана берсін биіктерден көріне беріңіз
Керемет мақала, балапандардың тілінің ерте шығуына өте әсері зор деп ойлаймын. Осындай мықты, білімді жан-жақты педагогтарымыз көп бола берсін💐💐💐
Қандай керемет пайдалы мақала! Балаларымыздың керемет дамуына үлес қосып жатқаныңызға үлкен алғыс сізге! Еңбегіңіз бағалана берсін!!!👏👏👏🤲🤲🤲
Керемет! Қаламыңыз шыңдала берсін Кулаш Қалиқызы!!!
Куляш еңбегің жана берсін! Бала тәрбиесіне көңіл бөліп, керемет мақала жазыпсың, қаламың ұгтала берсін!👏👏👏
Енбегиниз жана берсин!
Өте керемет мақала.
Әпкеміздің балаға деген суйііспеншілігіі зор.
Үйренеріміз көп.
Әдіс тәсілдері түсіндіру молСіздің еңбегіңіз жана берсін .Биіктерден көріне беріңіз.
Сәттілік тілеймін!❤️🌹😘
Оте керемет 💐💐💐🌹❤️
Қаланың ұштала берсін!Балаларға деген сүйіспеншілігің арта берсін!
Кулаш Қалиқызы мақалыңыз алдағы жас мамандарға пайдасы зор.Қаламың ұштала берсін.Шығармашылық жетістікке жете беріңіз!
Өте дұрыс әдіс-нұсқау қозғалып отыр. Күләш Қалиқызы, еңбегіңіз жана берсін.
Күләш еңбегің жана берсін! Шығармашылық табыс тілеймін!
Күләш Қалиқызы керемет әдіс. Қаламың шыңдала берсін.
Күләш еңбегің өрге жүзсін!
Қаламың шыңдалсын!
Жетістігің мол болсын!
💐💐💐
Бәрекелді жарайсың қаламың шыңдала берсін алар асуың көп болсын шығармашылық табыс тілеймін 😘😘👍👍👍👍👍👍🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Жақсы жазылған мақала.Еңбегіңіз жемісті болсын.Шәкірттеріңіз тек биіктен көрініп қуанта берсін.
Күләш Қалиқызы, қалаиаңыщ ұштала берсін! Керемет жазылған.
Кулаш, жарайсың, сен мыктысың! 👍
Болсын деп таудай талабың,
Ұшталсын деп қаламың.
Тілейін достым саған мен,
Деніңе саулық, амандық
Кулаш Қалиқызы еңбегіңіз жемісті болсын, керемет!
Күләш, еңбегің жана берсін! Шәкірттерің биіктен көрінсін! 👍👍👍
Куляш, каламын уштала берсин! 👍👍👍
Керемет мақала, еңбегіңіз жансын!👏 Биік белестерден көріне беріңіз!