Home » Мақалалар » Бүгінгі таңдағы коллоидтық  химия

Бүгінгі таңдағы коллоидтық  химия

профессор Ә.Қ. Қоқанбаев.,
доцент О.А. Есимова,

Әл-Фараби атындаңы ЌазҰУ, химия жєне химиялық технология факультеті

Еліміздегі ғылым мен білімнің «Қара шаңырағы» аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет еліміздің мақтанышы, оның ішінде химия және химиялық технология факультетінің орны ерекше. Химия факультеті қазіргі кезде химия және химиялық технология факультеті деп аталады. Ол – университетте ашылған алғашқы факульттердің бірі болып қалыптасып, Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік университеттердегі химия факультеттерінің ішінде Мәскеу, Сант-Петербург университетіндегі химия факультеттерінен кейінгі үшінші орынға ие болған факультет. Кезінде факультеттегі кафедра саны он бірге дейін жеткен болатын. Олар: бейорганикалық химия, жалпы химия, аналитикалық химия, физикалық химия, органикалық химия, катализ және технологиялық химия табиғи қосылыстар химиясы, сирек элементтер химиясы жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, коллоидтық химия, химиялық кинетика және жану кафедралары. Заманның талабына сай кафедралар бірігіп, іріленіп қазіргі кезде факультетте бес кафедра қызмет етеді. Алайда жоғарыда аталған 11 кафедра негізін салған ғылыми бағыттардың бәрі осы бес кафедраның оқытушы-профессорлары, ғылыми қызметкері, магистранттар мен студенттерінің арқасында әрі қарай дамып өз жемістерін беруде.

Бүгінгі таңда бұрыңғы коллоидтық химия мен аналитикалық химия және сирек элементтер химия кафедрасы бірігіп, үлкен кафедра болып қалыптасты. Оның ішінде коллоидтық химияға тоқталсақ, ол 1972 ж. Сол кездегі факультет деканы прфессор Б.А. Бірімжанов және университет ректоры академик О.А. Жолдасбековтың бастауымен ашылған болатын. Сол кезде ол кафедраны менгерген доцент Қ.Б. Мұсабеков көп жылдық еңбегінің арқасында ҚР ЖМҒА академигі, ғылым докторы профессорлар: Ж.Ә. Әбілов, С.Б. Айдарова,  Қ.И. Омарова және С.М. Тәжібаевалармен бірге жасаған коллоидтық химияның Қазақстандық мектебі жемісті еңбектерімен жаңа ғылыми бағыт – суда еритін полимерлер және олардың бетті-активтік заттармен ассоциациттарының коллоидтық химиясы қалыптасты.

Кафедраның коллоидтық химия саласындағы қызметкерлерінің табысты және практикалық мәнді ғылыми жұмыстары 800-ден астам мақалалар және 60 авторлық куәліктер мен патенттерде көрсетілген.

Соңғы кезде кафедра ұжымы әртүрлі халықаралық және республикалық гранттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері университетіміздегі химия және химиялық технология факультетінің барлық мамандықтарының студенттеріне биология, фармация және физика – технологиялық факультетінің материалтану және жаңа материалдар технология мамандығының студенттеріне оқылатын арнайы курстардың негізін құрайды. Кафедра оқытушыларының жазған 60-100-ге тарта оқу және оқу – әдістемелік құралдарын ҚР барлық университеттері мен педогогикалық, техникалық, ауылшаруашылық және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері пайдаланады.

Олардың ішінде төрт оқулық («Коллоидтық химия негіздері», «Физикалық және коллоидтық химия», «Химия технология негіздері» және «Коллоидтық химия курсы: Беттік құбылыстар. Дисперстік жүйелер») ҚР Ғылым және Білім министірлігі грифімен баспадан шыққан.

Жоғары материалдар – тек коллоидтық химия ұжымының жасаған іс-шараларының қысқаша көрінісі.

Еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымның маңызды бағыттарының проблемалық мәселелерін шеше алатын білімді де, білікті де,бәсекеге қабілетті заманауи талаптарға  сай мамандар даярлау–қара щаңырағымыздың басты міндет.

Жаңа Қазақстанымыздың гүлденуі үшін   университет ұжымының еңбегінің зор екені белгілі. Осындай ұжымнан елін, жерін, тілін сүйетін, білімді , иманды жастардың түлеп ұщып, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына аянбай ат  салысатына сенеміз..

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.