Тау-тау қардың арасынан шықтық. Көліктер батып, адамдар айналып не аттап өтіп жүрген жерлер өте көп. Нысанаға «Жағалау» ауданын бетке алып тартып барамыз. (Нұр-Сұлтан қаласының бүгінде шет жағы, болашақта орталығы болғалы тұрған аудан деседе болады) Ақтүнек боран өбіп тұр. Құдты бір тау арасында жүргендейміз. Бізде сол боранмен қасарысқандай №78 мектеп-гимназиясын бетке алдық. Жеттік. Мектеп директоры Жанар Өмірғалиқызымен жолығып, бірлестік жетекшілерімен кездескім келетінін айтып, рұқсат алғандай болдым. Жаңадан Абай тану бөлмесін ашқан. Сол жерде ұстаздармен жолығатын болып келістік. Бөлмеге кіріп келгенде бірнеше жас ұстаздарды көрдім. Менің топшылауым бойынша кемі қырықтан асқан ұстаздармен кездесіп оны-мұны, жетістіктер мен әттеген-ай! деген сынды мәселелер бойынша сөйлесеміз деп меңзеген болатынмын. Кіл жастарды көріп сәл абдырап қалдым. Кідіріп барып, келгендегі мақсатымды есіме түсіріп ұстаздармен емен-жарқын әңгімелесуге кірістім.
Бірлестік жетекшілері жастар болса да жетістіктер жеткілікті болып шықты. Кезекпен тыңдауға тура келді. Бекзан Асылбек – Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Жолжақсы Нүрияш – Көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Абжапаров Қуаныш Абжапарұлы ҚР Білім саласының құрметті қызметкері. Евразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі жасаған жұмыстары мен көрген тау қарлардан да биік болып шықты.
Бастауыш сынып мұғалімі Кульшикова Бақытжанның айтуынша –Нұр -Сұлтан қаласы әкімдігінің №78 мектеп-гимназиясында ҚР-ның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Ф. Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия Падишасы» атты еске алу поэзиякалық, әдеби сазды кешін өткізіпті. Бастауыш сыныптың 80 оқушысы ақынның поэзиясынан 80 жыр шумақтарын оқыған көрінеді. Мектеп кітапханасында «Қазақтың ақын қызы — Фариза» атты әдеби — танымдық кеш ұйымдастырылған.
Дене шынықтыру пәнінің бірлестік жетекшісі Ботаев Айдар Умиртайұлының айтуынша және әріптестерінің қолдауы бойынша №78 мектеп-гимназиясында «ұлттық ойындар асыл мұрамыз» атты мектеп лигасы болған. Тоғызқұмалақтан Есіл ауданы бойынша оқушылар арасында жарыс өтіпті. Онда командалық есеппен №78 мектеп-гимназиясының оқушылары I орынды алған көрінеді. Сондай-ақ оқушыларға бағыт бағдар ретінде қазақ күресінен Азия чемпионы Айбат Сейтен жəне грек рим күресінен Азия жəне Европа чемпионатының жүлдегері Мирас Баршылықовпен кездесу өткізіп оқушыларға шебер — сынып көрсетіп, болашақта қазақ күресін дамытуға ынталандыру шараларын жасаған.
Орыс тілдері бірлестік жетекшісі Жунисова Жанерке Телеубергенқызы ата-анамен жұмыс жасап жатырмыз деді. №78 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиет мұғалімдері ата-ана мен байланыс жасау мақсатында, «Лессон стади» іс-шарасын жүзеге асырып жатқандарын айта келе мектеп ішілік сайыстарда алдыңғы қатарда екенін құлақ қағыс етті. Мысалға деді таяуда болған үздік ашық сабақтар сайысында 2 ші орынды иеленгенбіз деп тоқтады.
«Шетел тілі» бірлестік жетекшісі Бисенбаева Айкерім Оңғарқызы, –“Шетел тілі” бірлестігінде 10 ағылшын тілі, 1 француз тілі мұғалімі бар. Осы оқу жылында жетістіктер аз емес. Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Abay’s poem» іс-шарасына оқушылар ағылшын тілінде өз өнерлерімен бөлісті. 9-сынып оқушылары арасында «Our environment» тақырыбында эко-дебат, 10-11 сыныптар арасында региондық олимпиададан командалық жүлдеге ие болды. Мұғалімдер «лессон стади» курсына қатысып, сабақтар өткізуде. Оқушылар қалалық, аудандық, олимпиада сайыстарында ғылыми жобалардан да жүлделі орындарға ие болып жүр.
Кез келген еңбек өз нәтижесін бермей қоймайды. Ұстаз болу – Оқушыларыңа деген ұлы махаббаттан басталып, күнделікті жаңарып, жасарып жатқан ғылыммен жанасып, ізденімпаздықпен білім игеріп, бүгінгі өмірге өзінен білім алушыларын сусындата отырып бейімдеу. Сол тұрғыдан келгенде Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты, Есіл ауданында орналасқан №78 мектеп-гимназиясының ұстаздары қызметтеріне бек кірісіп, сүйіспеншілікпен атқарып жүргенін пайымдағандай болдым.
Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы