Home » Мақалалар » Тараздағы кездесу

Тараздағы кездесу

Қазақ ұлтының салт-дәстүрге бай ғұрыпы,  кең болмаса кем болған емес. Атам заманнан бері баланы тал бесіктен жер бесікке дейін тәрбиелеп елге сыйлы абыройлы ету, кез келген адам баласының борышы.  Ұлттық анимацияны республика көлемінде насихаттау, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жүрегі мен тілегі бір  әрбір азаматтың міндеті. Осы мақсатта Тарихы терең Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласына бет бұрдық. Өткеніңмен бүгінгі күннің айырмашылығы ішкен жегеніңде емес — істеген салиқалы ісіңде екені анық. Дегенмен де жасаған ісіңді қолдайтын ұлт болса, өзің үшін емес өзгегеде пайдаңның тигеніне қуанасың. Алдымен Жамбыл облысының маслихат хатшысы Махметғали Нұрғалиұлына
жолығып,  ұлттық анимация, қазақи нақыштағы Шашу оқу танымдық  кешенін таныстырып, өз ойын тыңдадық. Бұрын білім саласында қызметте болған Махметғали Нұрғалиұлы
өзінің бұл істі қолдайтынын жеткізіп, тиісті мамандарға жол сілтеді. Келесі кезекте Жамбыл облысының білім басқармасына қарасты  әдістемелік кабинеті болды. Біздің ойымызды түсінген әдістемелік кабинеттің басшысы Шахризада Асылбекқызы, мектепке дейінгі білім мекемелерімен жолығып ашық диалог жасауға кеңес берді. Бізге де керегі осы дегендей 7- ші желтоқсан күні Тараз қаласының 53-ші мектебінде Байзақ, Жамбыл аудандарымен сондай-ақ Тараз қаласының мектепалды даярлық топ/сыныптарның тәрбиешілері және балабақша меңгерушілерімен кездестік.
Келген қонақтардың ойын білу үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жасалған «Шашу» оқу танымдық кешенінің авторы Қатшабаев Қ МАД-мектепалды топ/сынып бағытының қазақ тілі үлгілік оқу жоспарына қолдану үшін қаншалықты керек екенін әдістемелік жағынан түсіндірді.
Қолдаушы да,  қорғаушы да көп болды бірақ….

Бірағы сол балаларға «Шашу» оқу танымдық кешенімен тәрбие мен оқыту үдерісін жүргізу, ұлттық анимацияға үлес қосу үшін барлығы қаржыға келіп тірелетінін ешкімде жасырып қалмады. Біз білім мекемелеріне таныстырдық, ойларын тыңдадық, түсіндік. Ендігі мәселе Ұлт жанашыры қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлымен кездесіп, елдің болашағы бүлдіршіндерге арналған «Шашу» оқу танымдық кешенін Тараз өңіріне қолдануға қандай мүмкіндіктер жасай алатын білу ғана….
Жалғасы бар

БІЛІМ АЙНАСЫ
Тараз қаласынан
Абай Сәдібекұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.