Тажибеков Думан Амангелдиевич
Қарағанды облысы Шет ауданы
«Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық
мектеп-гимназия базасындағы
тірек мектебі (РО)» КММ
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Шахмат – ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсы тілінен аударғанда патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат – бұл танымал ойын, қара тастардың ақ тастарға қарсы ойыны.
Біздің Қарағанды облысы, Шет ауданы Жамбыл Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебінде де «Шахмат» үйірмесі қолға алынып, оқушылардың ой ұшқырлықтарын дамыту мақсатында жүйелі түрде өткізіліп келеді. Сонымен қатар, әртүрлі жас санатындағы оқушылар қалаулары бойынша аталмыш үйірмеге жазылып, Шахматтың қыр-сырын үйрену үстінде. Әлемдегі жағдайға қарамастан «Шахмат» үйірмесі межелеп қалған емес, барлық оқушылармен қашықтан болса да, үйірме жұмысы жалғасын табуда. Жалпы шахматтың негізгі ережелерімен қысқаша таныстырып өтсем, ең алдымен негізгі материалдан бастайық. Әр ойыншыда бір түсті 16 фигура болады. Фигуралар, кезекті реттілікпен қара және ақ түсті 64 шаршыға бөлінген ойын тақтасына орналастырылады. Шахмат фигураларының жиынтығы 32 фигурадан тұрады – 16 қара және 16 ақ. Шахмат ойынын екі адам ойнайды, олардың әрқайсысы төмендегідей фигуралардың алты түрін алады:
♔ / ♚ — бір корольді ♕ / ♛ —бір ферзьді ♖ / ♜ — екі ладьяны ♗ / ♝ — екі пілді ♘ / ♞ — екі атты ♙ / ♟ — сегіз пешка.
Шахмат тақтасындағы әр фигура өзінше жүреді. Сондықтан сіз бірінші кезекте, егер шахмат ойнағыңыз келсе, шахмат фигураларының дұрыс атауын жаттауыңыз керек, олардың тақтада орналасуын және фигуралардың жүру ережелерін еске сақтауыңыз қажет. Осыдан кейін теорияны оқуды жалғастыра беруіңізге болады. Сізді алда ойын ережесін жаттау, арнайы жүрістер туралы (орналастыру және жолда алу), ойындағы ықтимал жағдайлар туралы (шах, мат және пат), шахмат партиясының кезеңдері (дебют, миттельшпиль, эндшпиль) және шахмат ойынының басқа қыр-сырлары туралы білу күтіп тұр. Сонымен, ойын басталды.
Шахматта қалай түрлі фигуралармен жүруге болады? Бірінші ақтар жүреді (ақ түсті таңдап алған ойыншы). Ойыншылар кезектесіп жүреді. Жүріс ойыншының фигурасының басқа өріске орын ауыстыруынан тұрады. Ал енді шахматтағы фигуралар қалай жүре алатынына толық тоқтала кетейік:
— Король кез-келген бағытқа тек бір өріс жолмен жүре алады.
— Ферзь өзі тұрған кез-келген өріске тігінен, көлденеңінен немесе диагональ бойынша жүре алады.
— Ладья өзі тұрған кез-келген өріске тігінен де, көлденеңінен де жүре алады.
— Ат жақын тұрған өрістердің біріне өзі тұрған жерден жақын өрістердің біріне жүре алады, алайда тігінен, көлденеңінен немесе диагональ емес, тұрған жерінен «Г» әріпі сияқты жүріспен жүреді.
— Піл өзі тұрған кез-келген өріске диагональ бойынша жүре алады.
— Пешка алдыға қарай бос өріске, тікелей өзінің алдында тігінен орналасқан өріске жүре алады немесе негізгі позициясынан тұрған орнынан тігінен екі өріске, егер олар бос болса, жүре алады. Немесе, пешка, диагональ бойынша іргелес тік өрістен ойын серігінің фигурасы тұрған өріске, бірден сол фигураны алып тастап жүре алады.
Ойынның шарты қарапайым. «Мат» деп аталатын жағдай туғызу қажет. Мат қарсыластың кез келген фигурасымен шабуыл жасалып, сонымен қатар ойыншы өз жүрісімен шахтан қорғана алмайтын жағдай. Шах – қарсыластың жүрісінен кейін корольдің шабуылға ұшыраған жағдай. Егер Шах болмай және корольде жүріс болмай қалған жағдайда пат болуы да мүмкін. Әдетте корольдан басқа фигура қалмаған кезде, ал қарсылас оны мат қоя алмаған кезде (маңызды фигуралар жоқ болған кезде) пат болады. Осындай ойын тепе-тең аяқталған болып есептеледі.
Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі дегім келеді. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойыны сонымен қатар, кеңістікті бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, мақсат қос білу қабілетін дамытуға көмектеседі. Шахмат пен математика ғылым мен ілім ұштасып жатқан тұтас ұғым деп түсінуіміз керек. Мақаламды Шахмат ойынына байланысты Елбасымыздың «Есепке жүйрік адам математиканы еркін меңгереді» — деген қанатты сөзімен аяқтаймын.