Нұр-Сұлтан қаласы
Шәкәрім атындағы № 56 мектеп-лицейі
Наурызбаева Алма Еркінқызы
«ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері»,
педагог-зерттеуші, оқу ісінің орынбасары.
Оқушылар үшін білімдегі жақсы сапа ең бірінші кезекте:
- Барлық пәндер бойынша жақсы білім, ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алу;
- Қосымша білім, оқу, пәнді түсінумен байланысты.
Ата-аналар үшін білімдегі жақсы сапа ең бірінші кезекте:
- Түлектерге өмірде өз орнын табуға көмектесетін, айналадағылардың құрметіне ие болуға мүмкіндік беретін білім, алу, білік, дағдыларды меңгерумен байланысты.
Ұстаздар үшін білімдегі жақсы сапа ең бірінші кезекте:
- Оқушының өздігінен ойлануы, талдауы мен өздігінен жұмыс істей алу дағдыларымен байланысты.
Білім сапасын қалай көтеруге болады?
Білім беру үдерісіндегі сапа төмендегі сапалардан құралады:
- Сапалы білім беру бағдарламасы;
- Оқыту үдерісіне тартылған педагогикалық құрам әлеуетінің сапасы;
- Білім алушылардың әлеуетінің сапасы;
- Білім беру технологияларының сапасы;
- Білім беру жүйесі мен үдерісін басқару сапасы.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Жаңа заман талабына сай жаңартылған оқу бағдарламасы, жаңашыл мұғалім, смарт мақсат бүгінгі күннің өзекті мәселесі барлығымызды алаңдатады. Бұл мәселе ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процессіне көшуіне байланысты. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқаратыны сөзсіз. Сол үшін жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникативтік технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайуды мына біздер Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары ретке келтіруіміз керек. Білім сапасын жоғары нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді дәстүрлі сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмауда. Сондықтан, жаңашылдықпен сабақ өту- заман талабы.
Ал қазір шындығын айтыңызшы сіздің балаңыз бос уақытында немен айналысады?
Сізге бұл іс-әрекеті ұнайды ма?
Әрине ұнамайды, бірақ бұл іс-әрекетерді біз дұрыс бағытқа қоя аламыз. Әлеуметтік желіде орта есеппен оқушыларға 60-40 % уақытты кетеді. Пайдалы іске айналдыру үшін біз де ақпараттануымыз керек, әлеуметтік желілерде онлайн режимінде білім сапасын көтеру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Біз қолданып отырған күнделік KZ аздық етеді.
Осы кезде жаңа «смарт жобалар» сайысын жарияладым. Нәтижесінде жаңа екі жоба көзіме түсті. Олар: Класс Доджио мен Құпия оқушы.
Шет елдік жобаларды тәжірибеде қолданып отырмыз. Класс Доджио бағдарламасы оқушыларды жан-жақты бағалауға арналған тиімді, жаңашыл құрал. Пән мұғалімдеріне қалыптастырушы бағалау мен дұрыс дескриптор құруға таптырмас құрал, оқушылардың әр пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттырады, ата-анамен, сынып жетекшісімен, әкімшілікпен онлайн ркежимінде тығыз байланыс орнатады.
- Класс Доджио- мұғалім үшін: сабақ барысында тиімді стратегиялар арқылы орындалатын жеке, жұппен, топпен жұмыстың дескрипторлар көмегімен қалыптастырушы бағалауды уақыттылы қоюды бейіндейді.
- Класс Доджио- оқушы үшін анимациялық көңілді кейіпкерлері бар, онлайн режимінде, өзіндік әлеуметтік желісі бар,сабақ барысында бейтарап қалдырмайтын, уақытқа жұмсыс жасататын виртуалды әлем.
- Класс Доджио- ата- ана үшін қадағалау парталы, мектеп қабырғасындағы баласының іс- әрекетін үздіксіз хабар алып отырады (фото, видео, СМС түрінде). Келесі сабаққа дайындалуына бағытбағдар, көмек бере алады.
- Класс Доджио- әкімшілік тарапына онлайн, сырттай бақылау жүйесі. Пән мұғалімі өткізген сабақтағы іс- әрекетін жоспарлы жүзеге асырылуын қадағалап қана қоймай қажет болған жағдайда көмек беруіне ықпал ететін әрқашанда қолжетімді жобаның бірі. Бұл бағдарламаның көмегімен мен кез-келген уақытты, кез-келген мұғалімнің, белгілі-бір сыныбының, белгілі бір оқушысының сабақтағы жетістігін көре аламын. Кез- келген мәселені шеше аламын.
Бұл электронды журналға ұқсайды, жан- жақты қадағалауға тығыз байланысқа түсудің таптырмас құралы.
Екінші жобам ол «Құпия оқушы» Сара Полли Британ университетінің мұғалімі эксперимент ретінде өз студенттеріне жүргізген, жақсы нәтижеге қол жеткізген. 2018-2019 оқу жылдарының 4 тоқсанында эксперимент ретінде мектеп қабырғасына 3 сыныпқа жүргізілді. Жақсы нәтижеге жеткендіктен осы жобаны бүкіл мектеп сыныптарына енгіздік. Себебі күнделікті жаңа тың ақпараттармен техникалар шығып жатыр, заман талабымымен ағымына сай өмірге жылдам бейімделуге дағдыландырып жатырмыз. Бірақ қиындықсыз болмайды көп ізденіс пен бір-бірімізді қолдау арқылы, кері байланыс, рефлексия беру арқылы, талқылау жұмыстарының нәтижесімен жүзеге асты. Бұл жобалар әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді.