Досалова Назигул Какеновна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,
№102 бөбекжай- балабақша меңгерушісі
Балабақшадағы кітапхана
Соңғы кезде әлем елдерінің тәжірибесін игеру, оны еліміздің жағдайына бейімдеу, тәжірибеге енгізу тенденциясы байқалуда. Осы үрдістің негізінде Қазақстанның мектепке дейінгі білім ұйымдарының басшылары 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру және оқыту саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру мақсатында Англия еліне іссапармен тәжірибе алмасты.
Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңа инновацияларды енгізу, тәжирибе алмасу, дамыған мемлекеттердің белсенді әдістерін, жаңалықтарын енгізу өзекті мәселелердің біріне айналуда.
Англия – білім мен ғылымға ұзақ мерзімдік инвестиция құйған, экономикалық даму бойыша жоғары көрсеткішке жетіп отырған ел екені белгілі. Әлем рейтингісінде Англия білім беру жүйесінен алдыңғы қатарды иеленеді. Сапалы білім беру қағидасы негізінде оқыту үрдісін жүзеге асыруда. Заманауи технологиялар, ресурстар инфроқұрылымдар, электронды порталдар, заманауи құрылғылар, жайлы қолжетімді кітапхана білім беру жүйесін түрлендіруге, балалардың еркін ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасайды. Англиядағы балабақшаның ерекшелігі баланың толықанды дамуына мүмкіндік жасалуында. Балабақшада ресурстық, материалдық база толығымен қамтылған. Баланың шығармашылық, әлеуметтік, эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін кітапханалар орталықтары құрылған.
Англия педагогтерінің әдістемесі өте қызықты болып келеді. Олар балалардың логикалық ойлауын әртүрлі инновациялық әдістер мен ойын түрлері арқылы дамытуға мән береді. Англия педагогтерінің әдістемесі кітапхана деректерін қолданумен тығыз байланысты. Кітап оқу, оның құндылық екенін түсіндіру маңызды аспект болып табылады.
Англия тәжирибесін дамыту мақсатында 2024 жылдың 5-қарашасында Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «№102 бөбекжай балабакшасында» «Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Балабақшадағы кітапхана» жобалық іс-тәжірибесімен таныстыру семинары өткізілді. Семинарға каланың мектепке дейінгі ұйыдардың басшылары және Өскемен қаласы №100 балабақша-бөбекжайы» әдіскері Байжайлауова Багдат Сыдыковна, «Шығыс-Балдырған» жекеменшік балабақшасының басшысы Оракбаева Фарида Сейтхановна, «Ақбота» балабақшасының басшысы Иқанбаева Назым Болатқанқызы, жеке меншік «Бақытты балапан» бөбекжай-балабақша әдіскері Кужкаева Гулим Оразбековна қатысты, сонымен қатар Ұлытау обылысының оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері Есенова Шолпан Асановна, Жаменкенова Меруерт Есенбековна «Серіктес бөбекжай» атты шебер-сынып өткізді.
Семинар мақсаты – балалардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және балалардың қызығушылықтарын дамыту. Англия кітапханаларының мүмкіндіктері, балалардың кітапқа деген қызығушылықтары, инновациялық тәжірибелері туралы ой қозғалды. Семинардың мазмұны ұйымдастырылуына балабақша меңгерушісі Назигүл Кәкенқызы Досалованың Англияға сапары кезінде алған тәжірибесі негіз болды. Назигул Кәкенқызы шетелдегі балалардың кітапқа деген қызығушылықтары, кітаптың оқу процесіндегі орны туралы өз ойымен бөлісті. Бұл тәжірибені Қазақстанның балабақшаларына енгізу идеясы жалғасын тапты. Семинар тәрбиешілердің «Кітаптың сиқырлы жолы» атты театрланған қойылымымен жалғасын тапты. Қойылым барысында әлеуметтік желінің, заманауи телефон құрылғыларының бала тәрбиесіне кері әсері көрсетілді. Тәрбиешілер театрлық қойылымда образдарды сомдап, бүгінгі бала тәрбиесінде кітаптың рөлі туралы бейнеледі. Кітаптың сиқырлы жолын тарихи деректер арқылы баяндауға мүмкіндік алды. Әртүрлі белгілерді көрсету арқылы, кітаптың шығу тарихына, сиқырлы жолына мәліметтер келтірді.
Семинарда ертегі сюжеттері ондағы қызықты образдар театрлық қойылым арқылы көрсетілді. Ертегілер баланың ойын, қиялын, танымын, тілін дамытатынын ескеретін болсақ, отбасы бұл мүмкіндіктерді өз тәжірибесінде пайдалануы маңызды. Бала кітап оқу арқылы білімін дамытады. Ертегі әлеміне саяхат баланың қызығушылығын, ой-өрісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Семинар балалардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Балалар өздерінің өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Әртүрлі заманауи әдістерді қолдану арқылы ұйымдастырылған іс-әрекеттер баланың мотивациясын оятты.
Балабақшада кітапхана орталығы құрылып, ол үнемі жаңа кітаптармен толықтырылуда. Тек қана кітапхана ғана ата-аналарға, тәрбиешілерге және балаларға көркем шығармалардың сиқырлы әлемін аша алады. Кітап баланың ойын дамытуға, грамматикалық тұрғыда сөйлемдерді құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар үшін балабақшада экскурсия ұйымдастырылды. Семинар әртүрлі іс-әрекеттермен жалғасын тапты. Сонымен қатар тақырыпқа сай шебер- сынып өткізілді. Шебер- сынып барысында педагогтер өздерінің шығармашылық әрекеттерін көрсетті. Әртүрлі тапсырмаларды орындап, креативті ойларымен бөлісті. Шебер-сыныптар баланың эмоционалды және интеллектуалдық саласын дамытуға бағытталған бірлескен оқу және шығармашылық тапсырмалар арқылы ата-аналармен және балалармен өзара әрекеттесуге арналды.
Қорыта айтқанда өркениеттің жаһандық тенденциялары педагогтің үнемі дамуын, балаларды тыңдай білуін, сыни тұрғыдан талдауын және шығармашылық эксперименттер жүргізуін талап етеді. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.
Англияның тәжірибесін біздің еліміздің білім беру үрдісінде пайдалану маңызды. Тәжірибе алмасу арқылы олардың білім берудегі жетістіктерін еліміздің оқыту үрдісінде қолдануға, олардың тәжирибесін салыстыруға, біздің еліміздің ұлттық парадигмасын сақтай отырып модернизациялауға мүмкіндік береді. Балалардың жан-жақты дамуына пәндік кеңістік құрудың инновациялық әдістері зерделенді.
Пайдаланған әдебиеттер
- Мектеп жасына дейіңгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына моноторинг жүргізудің Әдістемелік ұсынымдары. -Астана, 2018.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары. http://oqu-zaman.kz/