Home » Жаңалықтар » Балабақшадағы жайлы орта

Балабақшадағы жайлы орта

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №184 бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған
«мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
Конференция шымылдығы балабақша меңгерушісі Жанна Абдуллаевнаның алғы сөзімен басталды.
Балабақша меңгерушісі “Балабақшадағы жайлы орта”
жобасын іске асыру нәтижелерінің есебі мен презентациясын таныстырып өтті.


Бұл конференцияға қала және аудан басшылары, Алматы қаласы Наурызбай ауданының Білім бөлімінің басшысы
С.А Кусаинова, Алматы қаласының мемлекеттік балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар және Қазақстан аймақтарынан келген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның басшылары, әдіскерлері мен педагогтары қатысты.
«Жас ғалымдар орталығы» — тақырыбында жобаны іске асыру нәтижелерінің есебі мен презентациясы көрсетіліп, балалармен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
Қалдық заттарға екінші өмір сыйлау арқылы, қазақ халқының қолөнер шеберлігін дамытып жүрген тәрбиешілердің ісмерлігі де іскерлігі де тамаша.

   

Балабақшаның бүлдіршіндері ұлттық аспаптарымызбен күмбірлетіп күй орындап қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Балабақша тәрбиеленушісі, дирижер болған Аққайыр Сырымның есімін атап кеткеніміз жөн шығар. Нұрғиса Тілендиев атаңдай әлем танитын дирижер бол, Сырымтай!
Сегіз қырлы, бір сырлы балабақша педагогтары “балабақша гимнін” орындады.

«Балабақшадағы жайлы орта» — заманауи талапқа сай инновациялық жоба барысында қалдық заттарға жаңа өмір беру аясында және «Монтессори», «Құм терапиясы», «Интелектуалды жабдықталған қазақ ұй», «Музыка залы», «Денешынықтыру залы», «Демалыс аймақтар бөлмесі»толығымен жабдықталған кабинеттермен таныстырылым жүргізілді.

Мобильді кітапханада- түрлі жанрдағы, атап айтсақ, халық ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілермен танысуға болады. Ертегілер балалардың әр түрлі жас ерекшелігін ескере отырып таңдалған.
Баланың жан-жақты дамуы басты назарда, сондықтан кітапханадағы кітаптар үнемі жаңартылып тұрады. Мобильді кітапхана балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудын бірден бір жолы.
Монтессори орталығы арқылы балалар іс-әрекетті өз бетінше орындауға,
әдейі құрылған дамытушы ортада
өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік алады.
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясы арқылы бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардың ұсақ моторикаларын дамытады. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым — қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіруіне септігі тиеді. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік — логикалық ойлауды, көрнекі іс — әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс — әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелейді.
Музыка залы- музыкалық терапия мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынастың нысаны болып табылады, оның кез-келген көрінісінде әртүрлі музыканы қолданады. Бүгінде бұл бағыт балабақшаларда және басқа да мектепке дейінгі мекемелерде өте танымал.
Денешынықтыру залы — Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту, бір — біріне деген достық қарым- қатынастарын дамыту дәл осы залда жүзеге асады.

Демалыс аймақтары залы — балалардың сүйікті орталығы екені сөзсіз.
Интеллектуалды жабдықталған қазақ үйдің — ұлттық құндылықтарды ұлықтап балаларға мәдениетіміз бен
салт-дәстүрімізді дәріптеп, санасына сіңіруде орны бөлек.
Конференция соңында қонақтар №184 бөбекжай-балабақшасының ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Тәрбие ошағының одан әрі гүлденіп, тәрбиеленушілерге жақсы жағдай туғызып, бүлдіршіндерінің жан-жақты даму жолында талмай ұжым болып еңбек ете беріңіздер.
«Ертеңімізді бүгін ойлап, бүгінгіні уақытында жасайық» деген қағидамен меңгерушілік міндетін абыроймен атқарып жүрген №184 бөбекжай-балабақшасының басшысы Жанна Абдуллаевнаға табыс тілейміз.

Республикалық конференцияның екінші бөлігі Наурызбай ауданындағы «Älem» оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында өз жалғасын тапты. Осы мазмұнды күннің соңында, мектепке дейінгі педагогтардың гимнімен, қатысушылар бірлікті сезініп, өздерінің миссиясының маңыздылығын түсінді. Конференция мектепке дейінгі тәрбие жүйесін жетілдіру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, кәсіби қоғамдастық арасында ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуды арттырды.

Болашағымыз – балалар ,
Береріңмен балаға келешегің бағаланар — деп мақаламды қорытындылайын.
Балабақшаларымыз жайлы, сәбилеріміз бақытты болсын!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.