Алматы қаласы, 207 мектеп-лицейде қоғам қайраткері, «Достық», «Парасат» ордендерінің, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері, филология ғылымдарының докторы, ғалым, профессор, қазақтың Асылы-
Асылы Осман Әлиқызымен
«Өмірі өнегелі өр тұлға» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты:Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Осман Асылы Әлиқызының өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың ана тіліне деген құрметін, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Бұл кеште мектебімізбің кіреберіс дәлізінде құлақ құрышын қандырар қоңыр үнді күй ойнатылып, ұлттық киім киген қыздар мәртебелі қонағымызды салтанатты түрде қарсы алдық. Кешіміздің бірінші бөлімінде Оқушыларға Асылы Осман ханымның өмір жолы мен еңбектер жинағы бейнеленген видеоролик көрсетілді.«Ақ көгершін» вокалдық тобының орындауында «Үш бақытым» әні шырқалып көңілге серпін сыйлады. Кездесуіміздің басында мектеп директоры Елеманова Әлия Сейдекәрімқызына сөз берілді.
Ақын Аслы Османға жылы лебіз, ыстық ілтипатын білдіре отырып шығармашылық табыс тіледі. ”Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”-демекші, әрдәйім мемлекеттік тіл-қазақ тілі екендігі, қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керектігі жайында тың тақырыптар жайлы тағылымды ойдың иесіне шығармашылық тіледі. Асылы апамызды бұл күнде танымайтын қазақ жоқ шығар. Бірде қазақтың әйгілі партизан жазушысы Қасым Қайсенов Аслы апамыз туралы: «Оның барлық іс-қимылына сырттай риза болып отырамын, ал осы қарындасымның тек мемлекеттік тілмен емес, ел тарихына қатысты, оның ішінде Желтоқсан оқиғасына қабырғасының қайысатынын сезгенде, еріксіз көзіме жас алдым», – деген екен. Осымен өмірі өнегелі өр тұлға» атты тағылымды кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. Қазақ тілінің мәселесін көтеріп қана қоймай ұлттық құндылықтарды, ұлттық мүддені үнемі қорғап жүретін тіл жанашыры, өлең жырдың падишасы, өнегелі өмірдің үлгісі- Аслы апамызға жұмыр жүрегіне қуат және ғасыр ғұмыр тіледік.
Саурыкова Галия Узаковна