Ойыншық баланың өмірінде – оның дамуында, білім алуында және тәрбиесінде үлкен маңызға ие. Қазіргі таңда сіз қаныққан, ашық түсті, жағымсыз иісі бар ойыншықтарды көре аласыз, олардың қаптамасында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалар мүлдем жоқ, мұндай ойыншықтың өндірушісі мен шыққан елін анықтау мүмкін емес.
Ойыншық балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына зиян тигізбеуі үшін ойыншықтарды таңдауға барлық жауапкершілікпен қарау керек. Ойыншықтарды таңдағанда, мыналарды ескеру ұсынылады:
— ойыншықтарды тек арнайы ұйымдастырылған сауда орындарында (дүкендер, супермаркеттер, ресми базарлар және жәрмеңкелерден) сатып алыңыз.
— ең алдымен таңбалауды зерттеңіз, ол толық, сенімді, түсінікті, оқуға оңай болуы керек.
Таңбалау келесі ақпаратты қамтуы керек: ойыншықтың атауы, ойыншық жасалған ел, өндірушінің атауы және орналасқан жері (өндіруші уәкілеттік берген тұлға), импорттаушы, олармен байланысу үшін ақпарат, өндірушінің тауар белгісі, ойыншық тағайындалған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасын көрсететін пиктограмма, негізгі құрылыс материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін), ойыншықты күту әдістері, жасалған күні ( айы, жылы), қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (егер белгіленген болса), сақтау шарттары;
Балаңызға ағаш, мақта және зығыр сияқты экологиялық таза және табиғи материлдардан, сондай-ақ органикалық мақтадан жасалған ойыншықтарды алған дұрыс. Қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бұл материалдар нәрестелер үшін өте қолайлы.
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Толқынбеков М.М.
Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы Байтилесова А.С.
Ойыншықтар арнайы сауда орындарынан сатып алу керек. Ол ойыншықтың балаға зияны болмайтынына міндетті түрде сенімді болу керек.