Home » Жаңалықтар » Жақсының жақсылығын айт

Жақсының жақсылығын айт


Бүгін “Жақсының жақсылығын айт”
айдарымызда Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №167 бөбекжай-балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бердыханова Фариза Мейрамқызы туралы айтамыз.
Білім беру саласындағы белсенді қызметімен жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін   қалалық, аудандық көптеген құрмет грамотасымен марапатталған. №041 Кәулік білім саласына қосқан  айырықша еңбегі үшін «Үздік педагог — 2018» атты төсбелігісімен марапатталған. Республикалық аудандық журналдарға мақалалары жарияланған. «Этнопедагогика арқылы балалардың тілін дамыту», «Табиғат технологиясымен балаларды таныстыру», «Сүт өнімдері», «Дөңгелек үстел» ата-анамен жұмыс, «Менің отбасым», «Тәрбиеші болу- бір бақыт», «Ұстаз- ұлы есім» «Ұйымдастырылған іс-әрекетте  ойын түрлерін тиімді пайдалану ерекшеліктері» атты мақалалардың және «Білімді мыңды жығар» кітабының құрастырушы авторы. Ұстаздық еңбек жолында 17жыл қызмет атқарып келеді. Республикаға, ауданға ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізіп, әріптестерімен тәжірибе алмасуда. 2023жылы Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерінің «Шексіз талант» V қалалық шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңінде «Үздік презентация» жанры бойынша 1-орын алды.
2023жылы  30-қарашада «Мектепке дейінгі білім беруде заманауи білім берудің технологиялары және балаларды ерте жастан дамытудың халықаралық практикалары» атты курсты сәтті аяқтап, сертификат иеленді. 2024жылы IV аудандық театр-шығармашылық байқауында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері  мен педагогтары үшін «Театрдың ғажайып әлемі» қазақ халық ертегісі бойынша қойылым қойғаны үшін II- орын иегері атанды. 2023-2024 жылдары аралығында мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес қоғамның дәстүрін сақтап, тәрбиеленушілердің бойына адамзаттың асыл қасиеттерін сіңіртіп, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие бергені үшін Түрксіб аудан басшысының қолынан мадақтамамен марапатталды. Білім саласын дамыту жолында  қол жеткен табыстары және оған қосқан зор үлесі үшін, қоғам мен ұрпақ алдындағы парасатты  еңбегі үшін «USHQYR» педагогикалық шеберлік орталығынан «Мәртебелі маман» төсбелгісімен және «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен 2024жылы марапатталды.
Адамның тұлға боп қалыптасуы — ұстаз еңбегінің жемісі. Фариза Мейрамқызы сияқты тәрбиешіден тәлім алған шәкірттердің болашағы жарқын болары анық. Оған дәлел де жоқ емес, Фариза ханымның шәкірттері республикалық, аудандық конкурстардың жеңімпаздары екен. Бар жақсыны шәкірттеріңізге бере білгеніңіз үшін мың алғыс,
Фариза ханым!

BILIM AINASY
Алматы қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.