Home » Мақалалар » Тәрбиеші — балабақша жүрегі

Тәрбиеші — балабақша жүрегі

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі»
Мағжан Жұмабаев

5-қазан Ұстаздар күні мерекесіне орай Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №194 бөбекжай-балабақшасында
“Тәрбиеші — балабақша жүрегі” атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараны “Күншуақ” тобының балалары мен топ тәрбиешісі Сапаргалиева Алтынай Дюсенгалиевна ұйымдастырып, балабақша ұжымын мерекемен құттықтады. Тәрбиеленушілер ән шырқап, мың бұралып би биледі. Білдіршіндер балабақшаның әр қызметкеріне арнап өлең оқып, құттықтау хаттарын табыстады.

Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп, бақытты етсең – өз  ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Бала – ел байлығы, қоғам бақыты.
     

Ұрпақ тәрбиесінде оның ішінде мектепке дейінгі бала тәрбиесіне тәрбиешінің қосқан үлесі зор. Егемен еліміздің көк туын желбірететін, біздің болашағымыз ол — балалар. Осы сара жолда балаларды батылдыққа, патриотизмге, ұлтын, елін, жерін сүйетін намысшыл ұрпақ тәрбиелеуде тәрбиешілер қауымы игі істер атқарып келеді. Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, баланың бойына адамгершілік пен адами қасиеттерді сіңіре білетен де — тәрбиешілер.
     

Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші аналары, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіз ел абыройын асқақтатар тұлға болсын.

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы және Елназ Тұрсынғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.