Пилоттық жоба аясында
Педагог мәртебесін көтеріп, шәкірт жетістігімен бөлісіп жүрген білім саласына арналған «BILIM AINASY» республика көлемінде өзіндік орын алған басылым. Оқырман назарына іліккен 5 жылда ғылыми-танымдық газет тың жаңалықтарымен, түрлі байқауларымен де танылып келеді. Мектепке дейінгі ұйымдарды да назардан тыс қалдырмаған редакцияның «Шашу» оқу-танымдық кешені еліміздің түкпір-түкпіріндегі кішкентай балғындардың қолында. Үш тілде атауларын үйренуге көмектесетін боямақ кітапшаларының авторы Қуантай Амантайұлының бастапқы мақсаты да Отандық өнімді балабақша тәрбиеленушілеріне арналған оқу –танымдық кешен ретінде шығарып, тек бояуға ғана емес талай мәліметтерге қанығар көмекші оқу құрал ретінде пайдаланса деген мақсат болған.
Сол мақсатта 2007 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы, Қазақстан республикасының биология пәнінен жаңа буын оқулықтарының авторы педагогика ғылым кандидаты, доцент Қисымова Алима Қисымқызының бастамасымен сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын оқудың неғұрлым тұтас нысанын құруды мақсат еткен жаңа оқу әдістемелік кешен жасалды. Мақсатымен нәтижесін анық көруге болатын бұл оқыту жолымен тәрбиеленуші,тәрбиеші, ата-ана арасында тығыз қарым –қатынас орнатуға қажетті әдістемелік құрал тәрбиешілерге таптырмас көмекші.
Сегіз тақырыпқа бөлінген «Шашу» оқу- танымдық құралына енгізілген бұл өзгеріс Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына қарасты Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен пилоттық жобасы ретінде таныстырылды.
Бүгін қазан айының 8-ші жұлдызында Білім беруді жаңғырту орталығына жиналған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №32,№38,№46,№54,№56,№63,№75,№80,№81 балабақшаларының әдіскерлеріне арнайы түсіндірілді. Ғылыми жетекшімен бірлесе жасалған әдістемелік нұсқаулықпен танысты.
— 2020-2025 Білім мен ғылымды дамыту аясында мектептерге талап етілетін бастамалар балабақшалардағы мектепалды даярлық топтарынан басталуы керек. Аз ғана элементі болса да қамтылған «Шашу» боямақ кітапшаларына арналған әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты осы,-деді нұсқаулықтың ғылыми жетекшісі Алима Қисымқызы.
Аз уақытқа созылған басқосуда балабақша әдіскерлерінің де пікірі тыңдалды. Түйген ойымыз пилоттық жобаға қатысушы 10 балабақшада алдағы уақытта нұсқаулықтағы көрсетілген жолмен «Шашу» оқу-танымдық кешенімен жұмыс жасауға қарсы еместігін білдірді. Үйренуден қашпайтын тәрбиешілер дайын болса балабақша қоржынына мектептің алғашқы сатысы ретінде енгізілген жаңа әдістемелік нұсқаулық қосылмақ.
Ә. Біләлова,
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан