Home » Ашық сабақтар » Сабақ барысында оқушыларға жеке тапсырма орындатудың маңыздылығы

Сабақ барысында оқушыларға жеке тапсырма орындатудың маңыздылығы

Досымова Меруерт Уаликановна
Астана қаласы,
Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының
математика пәні мұғалімі

 Сабақ барысында оқушыларға жеке тапсырма орындатудың маңыздылығы

Қазіргі уақытта  қоғамда болып жатқан  елеулі өзгеріс- жаңалықтар  педагогтың  алдына  жаңа  міндеттер қойып отыр. Білім беру жүйесіне  қойылатын  жаңа  талаптардың  пайда  болуы  білім беруді  ақпараттандырумен  байланысты. Заманға  сай  маңыздысы  білім  көлемі  емес, берілген  ақпаратты  қабылдау, өңдеу, оны өмірде  пайдалана  білу.

Тақырыпты бекіту  кезінде практикалық  тапсырмаларды өздігінен  орындауға  уақыт бөлуге тырысамын, себебі күнделікті берілетін үй тапсырмаларын орындау кезінде  білім алушылар ақпарат алудың кез келген көздері мен құралдарын қолдана  алады. Осыған орай, 6 сынып білім алушыларына арналған математика сабағында практикалық тапсырмаларды жеке орындауға  бағытталған бағдарлама жинақтадым.

Өздігінен  тапсырма орындатудың басты  мақсаты: оқушылардың білімдерін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыра отырып, танымдық, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • Оқушының жеке қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды практикалық іскерлікке баулу;
  • Жалпы логикалық – ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
  • Игерген білімдерін болашақта қолдана білуге жетілдіру.

Жинақтаған бағдарламадағы орындалатын тапсырмалар оқу- әдістемелік желінің негізгі бағыттары бойынша құрастырылған. Ойындар, сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршылар, мүмкіндігінше, оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған. Жекелеген оқушылармен де, жалпы сыныппен, топпен, жұппен де жұмыс түрлерін түрлендіруге болады. Мұндай сабақтардың білімділік   сапасын, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда тиімділігі өте зор. Қазіргі жаһандану дәуіріне сай біздің қоғамға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың даралық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Өзі ізденіп, «қазып» жеткен жетістігі баланың санасына оң әсер етеді, мақтаныш сезімі пайда болады, оның өзіне сенімі артады. Оқушымен жүргізілетін жұмыс та, оның сенімін жоғалтып алмайтындай, талапқа сай ұйымдастырылуы керек.

 

Қызықты тапсырмалар ретінде,мысал келтіретін болсам :

  • ҚАТАР сөзіне сәйкес келетін жауапты табыңыз.

МАСАҚ БАТЫЛ ҚАНАТ ҚАТАЛ МЫСАЛ

  1. 97872
  2. 36472
  3. 57862
  4. 97178

Е.       37479

  • Сарбаздар отряды өзеннен өту үшін жағаға келді. Бірақ көпір сынып қалған. Ал, өзен терең. Кенеттен командир жағадан алыс емес жерде қайықпен жүзіп жүрген екі баланы байқады. Бірақ қайық кішкентай, оған не 1 сарбаз, не 2 бала ғана сияды. Сарбаздардың барлығы осы қайықпен арғы жағаға өтті. Бұл қалай болған?
  • Аквариум тікбұрышты параллелепипед пішінді.

Аквариумның түбінің ауданын  және өлшемі жағынан әртүрлі екі бүйір жақтарының ауданын тап. Аквариумның көлемін есепте.

  • Тәжірибелік тапсырма:
  • Жіп арқылы табанының ұзындығын өлшеп алыңыз.

Табанының диаметрін өлшеңіз.
Табанының ұзындығының табан диаметрлеріне қатынастарын есептеңіз.

  • Ауладағы 15 бала тоғызқұмалақ ойнаса, 17 бала асық ойнайды. 4 бала тоғызқұмалақ та,асық та ойнайды, ал 2 бала ешқайсысын да ойнамайды. Аулада барлығы неше бала?

Мұндай тапсырмалар білім алушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда тиімділігі өте зор. Олардың логикалық және танымдық, шығармашылық қабілетін арттырады, кез-келген жағдаяттан қисынын тауып шығуға баулиды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.