Home » Мақалалар » Рухани  жаңғыру —  бұл  ұлттық  құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық  жаңашылдыққа  жетелейтін жол

Рухани  жаңғыру —  бұл  ұлттық  құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық  жаңашылдыққа  жетелейтін жол

 

 

 

 

 

 

 

Суанбекова Роза Зикирияқызы
 Жамбыл  облысы   Жамбыл  ауданы
Гродеково орта  мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Рухани жаңғыру  – қазақстандықтардың  салт-санасы  мен дүниетанымын өзгертетін  қозғаушы  күш.  Қазіргі  қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін  ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.
Аймағымыздағы   келер  ұрпақтың  «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру»  мақаласын  ықыласпен  түйсіне оқығаны  жөн. Олай дейтінім, мақалада  «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»  деген  жолдардың  астарында  үлкен  мағына  жатыр. Шынында да рухы  биік  азаматтары  бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Осы  жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын  жаңғырып  отыруы тиіс. Шындығында  ұлттық рухы, руханияты  жоғары, мәдениеті  озық  ел  көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Ұлттық  бірегейлікті  сақтау ұлттық  жаңғыру  деген  ұғымның өзі ұлттық  сананың  кемелденуін  қажет етеді. Елбасы  ұлттық мәдениетті сақтай отырып  жаңғыру  және  ұлттың  дамуына кедергі болатын өткеннің кер тартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі  керек  екендігін  баса айтады. Мақаладағы «Туған жер»  бағдарламасын қолға  алу  ұсынысы жас  ұрпақты тәрбиелеуге  дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп  білемін. Әр бір адамның жүрегінде  кіндік  қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған  жеріне  деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан  деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.
«Қазақстанның  қасиетті  жерлерінің  мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық  қалқанымыз  әрі  ұлттық  мақтанышымыздың  қайнар бұлағы», – делінген  мақалада.
Мақалада:  «Біз  жаң­ғыру жолында баба­лар­дан мирас болып, қаны­мызға сің­­ген, бүгін­де тамы­ры­мыз­да  бүл­кіл­­деп  жатқан ізгі қасиеттерді қай­та түле­туіміз керек», – делінген.
Расында,  жастайынан  дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен  ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен  тарихына  ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі  берік болмақ.
Неғұрлым  тұтастыққа  жету  үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері  қажет. Кез  келген халықты  өзінің төлтума  рухани  құндылықтары  мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады.  Елбасы  мақалада  осы ұстанымды айқын көрсетіп берді:
«…Жаңғырған қоғамның өзінің  тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады…Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық  кодыңды сақтай білу».
Бұл – тектен  тек айтыла  салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден  қорғану жолы. Осы орайда  ұлтымыздың  белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Қасыңнан да, досыңнан  да бірдей сақтан», – деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы – өзіңе  қатысты  рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.
Әр халық ел  болып  ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды..
«…Қазақ «Туған  жерге  туыңды тік»  деп  бекер  айтпаған. Патриотизм кіндік  қаның тамған  жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол  себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне  айрықша   ықыласпен атсалысу – шынайы патриотизмнің  маңызды  көріністерінің бірі» деп  анық айта аламын.
Расында,  өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм  дегеніміз туған  жерге  деген сүйіспеншіліктен басталады.
Туған  жерді қорғау, туған  еліңе қызмет ету білім­нің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаб­батқа байланысты екен. Алаш  арысы  Әли­хан Бө­кей­хан: «Халыққа  қызмет ету – білімнен  емес мінез­­­ден», деп бекер айтпаса керек. Осынау   парасатты   пікір  Абайда  да бар: «Атаның   баласы болма,  адамның  бала­сы  бол». Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа  алмасып отырған «ел­дік  сана» желісі. Мақалада   айтылған  осы­нау  асыл  құндылықтар санамызды  жаңғыртып, жан-дүниемізді  тағы бір  серпілтті. Сонымен қатар, «Туған жер»  бағдарламасы  еліміздегі   жомарт  жандардың өзінің  туған еліне  шара­патын  тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал  етеді  деген сенімдеміз.
Егер  халықтың  дәстүрі  болмаса  қалай  дамып, қа­лай  өрістейді? Өткеннің тәлімді  тәжірибесін  алмай,  алға қадам басуға бола ма? Кез келген халық шари­ғат­қа  қайшы  келмейтін  дәстүрімен  жаңаны  жалғап ба­рып қадам жасауы – оның өмір сүруінің  алғашқы беле­сі. Осын­дай рухани тұтастық жоқ жерде  ұлттық  дүние­таным­дық  үзік  пайда  болады.
Сананы  рухани  жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы  рухани жаңғырудағы  ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше  міндеттерді айқындап берді.  Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.
Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болары айқын.  Ел  ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы  ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.
Сөзімді қорытындылай келе, мен өз  мектебімде  ізденімпаз ұстаз  ретінде өскелең  ұрпақтың   білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі  заман  талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай  еңбек етуге жұмыстанамын.  Өскелең  ұрпақ  бойына сапалы  білім беріп қана  қоймай, жоғарыдағы  айтылған  ұлттық құндылықтарды  қатар сіңіру . Мен өз кәсібімнің, еңбек еткен білім ошағының    беделін арттыру мақсатында өзіндік  қадамдарымды  жасап келемін. Қазіргі  заман  талабына  сай   ұстаз  жаңашыл,  жан — жақты болуы шарт деп  есептеймін. Мәселен, мамандығым  бастауыш  сынып ұстазы   болса да, ағылшын  тілі  курсын  оқып  өзімді  дамыту үстіндемін.  Мақсатым, ұрпақ тәрбиесінде үш  тілділікке  бағыт  бұру. Елбасымыз  «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды  және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай  қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын  жұмыстар мен  міндеттер көп. Мағжан  Жұмабаев атамыз өзінің  ұлағатты  бір сөзінде  былай  деген: «Баланы  ұстазының   өзіндей  қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек».  Иә, Мағжан атамыз  айтқан даналық  ой  бүгінгі  күнгі білімді ұрпаққа  қаратылып  айтылғаны  көрініп тұр. Өйткені  елдің  ертеңгі  тірегі – қазіргі  өскелең  ұрпағымыз.  Олар  заман  талабына  сай  тәрбиеленіп  білім  алуы  тиіс деп есептеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.