Абай атындағы қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің
4курс студенттері
Түгелбайқызы Мөлдір,
Дәулетхан Бағнұра,
Рысдаулетова Нұрай
Әдебиет пәні білім беруді ізгілендіруде жетекші рөлге ие. Демек, оның басты бағыты, тиімді функциясы және түпкі мақсаты: білім берудің барлық құралдарының өзара байланысында сөз өнерінің күшімен нағыз адамды тәрбиелеу. Әдебиет сабақтары біздің балаларымыздың жанына әсер ететін, қоршаған ортаның жойқын әсеріне қарсы тұра алатын тәрбиенің көптеген аспектілерінің бірі. Қазақ тілін үйренуге көп көңіл бөлінсе де, қазақ әдебиетінің орасан зор әлеуеті жеткіліксіз пайдаланылуда. Бұл қазақ әдебиетін мазмұнды да, ұйымдастырушылық жағынан да оқыту оқушылардың қазақ халқының мәдениетіне немқұрайлы қарауына, олардың біліміндегі терең олқылықтарға, демек, тұлғаның толық дамымауына, Қазақстан жүріп өткен тарихи жолды объективті бағалауға алып келгендігіне байланысты болды.
Мектептегі қазақ әдебиеті өз мақсаттары мен міндеттері бойынша полифункционалды, мазмұны жағынан полифониялық: онда жыраулардың, ақындардың, тарихи дәуір жазушыларының дауыстары естіледі. Онда халық тарихының негізгі маңызды кезеңдері, оның рухани және материалдық мәдениетінің дамуы көрініс тапты. Халықтың тарихи тәжірибесін, оның рухани мәдениетінің қазыналарын, ғасырлар мен мыңжылдықтар арқылы өткен әдеби мұраны зерттеу және игеру қазіргі жас ұрпақ үшін өте маңызды. Білім беру үдерісін жаңарту, ұйымдастыру педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірбиесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі білікті педагогтар мен психологтар жаңа оқыту технологияларын енгізіп қана қоймай,рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дəлелдеуде. Қазіргі отбасындағы әртүрлі мәселелерге адамгершілік, бауырмалдық, ізгіліктің, аға мен бауырдың, ата-ана мен баланың арасындағы туыстықтың тамырының үзіліп бара жатқандығын, үлкенді, кішіні сыйлауды үйретуде бұл әңгімелердің маңызы зор. Осы шығармаларды оқыту арқылы 5-сынып оқушыларының бойына білім арқылы темірқазық орнату.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.Отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда, балаға көптеген кітаптар оқыту маңызды. Өте дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге көп көңіл бөлуде. Өйткені, тек оқырман ортасы «ойшыл, саналы» орта болып табылады. Кітап оқу — әрбір баланың бойындағы әлеуметтік бағалы қасиеттерін дамытып, жағдайды тура бағалай білетін, жылдам және дұрыс шешім қабылдайтын, еркін жазатын және сөйлейтін, анық тұжырымдай алатын адамды қалыптастырады.
Олай болса біздің жазушыларымыз жазған көркем әдебиеттерге көз жүгіртіп көрейік. Оларды оқи отырып та отбасылық тәрбие жайлы көптеген мағлұмат аламыз. «Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасында отбасылық құндылықтар негізінде жазылған әңгімелер берілген. Отбасы құндылығы негізінде әңгімелерді оқуда мыналар ескерілуі керек» .[1, 17 б.]
1) Әңгімені оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деу мен қатар ондағы негізгі мағынаны ашып қарастыру қажет.
2) Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме үйретудің пайдасы мол. Әңгіме кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір екі айқын белгілерді көрсетіп, айқын түсінікті болып келеді.
Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны толық сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырма жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу .
5 -сыныпта мектеп бағдарламасында отбасылық құндылықтар негізінде берілген келесі әңгімелер: Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі мен Нұрдаулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?» әңгімелері. «Жалпы әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті оқушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда, бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше, әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді.»[2.25]
«Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер»[12.58]. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Әңгімені талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күні ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. «Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіпкерлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі.» [3,47 б] Сондай-ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады. Олай болса, бірінші Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін отбасылық құндылықтар негізінен талдасақ.
Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесі өткен жылдың құйрықты жұлдызындай жарқ етіп, сөзге көңіл суарған көпшіліктің айызын бір қандырып анаға деген сағынышты көрсетеді.Әңгіме өрісі кең, кей тұста отбасылық құндылықтар негізінде , кей тұста бала өміріндегі ананың қадірін түсіндіреді. Ұлттық құндылықтар мен өшпес мұраттар, бала алдындағы ата-ананың жауапкершілігі, отбасылық қарым қатынасты ту еткен шығармасының кең ауқымына, терең иіріміне қарап эпикалық әңгіме деп тануға болады.Бұл әңгіменің басты идеясы:
1.Бала өміріндегі ананың рөлін түсіндіру.
2.Бала алдындағы ата-ананың жауапкершілігі.
3.Отбасылық қарым-қатынастың тереңдігі.
Ал әңгіменің проблематикасынан келетін болсақ, ең бірінші отбасы мәселесі. шаңырағы шайқалған отбасының салдары ретінде ата-анасынан қол үзген, әсіресе, анасын сағынған баланың мұңы бүгінгі күнде де өзекті мәселе болып отыр.Екінші,урбанизация мәселесі. Қаланың күйбең тірлігіне араласып,туған жерге 4-5 жылдап ат ізін салмайтын әдет бұл күні көп адамның бойында бар, ауыл мен қала мәселесі де қозғалған.Үшінші, жалған үміт бермеу, баланы алдамау.
Әңгіме Есмағанбеттің ауылға келуімен басталады, «Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі пойыздан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұңын , шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және пойызда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ. Қайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.» [3,17 б]- деп Есмағанбеттің ауылға келуін, достарының сағыныш көрсетеді.Бұл әңгімеден біз оқушыларға,отбасылық құндылықтар негізінде ана-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы мен оның рөлінің жоғары екендігін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Байтанасова Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. 2-басылым / Қ. Байтанасова, С. Айтуғанова. – Астана : Фолиант, 2011. – 160 бет.
2 Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. 5-11 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Бірінші кітап. – Алматы. : “Дәуір — Кітап” баспасы, 2012, — 314 бет.
3 Нұрмағамбетов Т. Шығармалары. Көп томдық, 2013,-432 бет.
Жарайсыңдар , өте керемет жазылған👏👏👏
Жарайсың Түгелбайқызы Мөлдір
Керемет тек алға биіктерден көріне бер !🤲💐
Жарайсыңдар! Әрдайым биіктерден көріне беріңдер!
muldir__04@icloud.com