Home » Мақалалар » Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

«№102 ЖББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі
 Шукеева Асель Ыбырайхановна

Бала еңбегін қанау  проблемасы бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшеріне сай емес, ауыр еңбекке негізінен халықтың әлеуметтік неғұрлым осал топтарының, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе толық емес отбасыларының балалары араласады.  Соңғы нәтижесінде бала еңбегі адамзаттық ресурстардың дамуына және еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді. Бала еңбегі тұтастай экономиканың барлық өндірістік және өндірістік емес салаларында ұшырасады, қалалық бейформал экономикада, ауыл шаруашылығында, жергілікті базарлардағы ұсақ саудада, сондай-ақ үй шаруашылығында пайдаланылады. Базарларда, мысалы, кәмелетке томағандардың еңбегі негізінен көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш» жасөспірімдер деп аталатын) кезінде қолданылады.
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің хаты негізінде жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерінқолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
2020 жылда аталған акция «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»  ұранымен өтеді.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 28-29 мамырда мектебіміздің  ресми сайттарында аталған науқанның басталуы туралы хабарларррндыру берілді.
Сонымен бірге, науқан шеңберінде онлайн режимінде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде, оның ішінде  тақырыптық көрмелер, байқаулар, әңгімелесулер, сондай-ақ  «Отбапсында зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түңгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» рейдтік шаралар мүмкіндігінше ұйымдастырылуды. 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.