Home » Мақалалар » БАЛАБАҚША ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН МЕКЕНІ

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН МЕКЕНІ

Әлия Әлжанова
Шиелі ауданы,
Қосүйеңкі ауылы
№84 негізгі мектебі
 Кітапханашы

      Бала – ел байлығы, қоғам бақыты. Бала майысқан шыбық секілді, жастайынан қалай иетін болсаң, солай өседі. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа,  одан соң ақыл парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулу»,- деген ұлы Абай атамыз.

    Өз ортасында бала жөнді тәрбие алса, болашағы жарқын болары анық. Тәрбиеші балаға бағыт беріп, баланың отбасынан кейінгі анасы болып есептеледі.  Балаға қамқор болып, ешқашан шаршамайтын кісі ретінде қарастырсақ болады. Неге? Себебі алдында қанша бала болса да, соларға бар мейірімін төгіп, білгенін үйретіп, соның тілінде сөйлейтін ерекше жан. Ол баланың барлық жайын біледі.

    Балабақша – тәрбиенің алтын мекені. Балабақша – адам өміріндегі алғашқы баспалдақтың бірі. Бала балабақшаға келу арқылы, өзіне мынадай жағдайларды қабылдай алады.

  • Көпшілік ортаға үйреніседі
  • Өз ортасы қалыптасады
  • Мінезі ашық болып, өзгеріске ұшырайды
  • Білім нәрімен сусындайды
  • Тәртіпке бағынуды үйренеді
  • Сыйластық ұғымын түсінеді
  • Режимге үйренетін болады

Аталған дәйектерге қарасаңыз, балаға кері әсер ететін тұстары мүлдем жоқ. Балабақшада білім алып, тәрбие алған бала мектеп табалдырын аттағанда көп дүниелерге жатырқамайды. Оған көп жағдаят таныс көрініп тұрады.

Еліміздің болашағы біздің балаларымыз. Бүлдіршіннің былдыры мен сыңғырлаған күлкісін естіп жүрейік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.