Байкенжеева Шолпан,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
Қосүйеңкі ауылы
№84 негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
«Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». А.С.Макаренк
Еліміздің болашағы білімді жастар. Үйдің іргетасы қалай болса, кейінгі құрылымы соған байланысты болады. Сондықтан баланы балабақша мен бастауыш сыныптарда сабаққа қызықтырып, білім беру ұстаздың басты міндеті болып табылады. Заман қарыштап дамығаны соншалық, бүгінгі жетістігің ертең іске жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан баланы шапшаңдыққа, қағылездікке үйрету үшін біз сабағымызды түрлі көрнекіліктермен өтеміз. Сонымен қатар баланың дамуына байланысты түрлі ойын түрлерін қарастырамыз.
Бастауыш сыныптағы ойын түрлері.
Әрбір сабақ үрдісінде қандай ойын ойнауға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшілігіне сәйкес таңдалу керек. Ойындар мынадай бөлімдерге бөлінеді.
- Дидактикалық ойындар
- Қозғалыс ойындар
- Рөлдік ойындар
- Граматикалық ойындар
- Фонетикалық ойындар
- Лексикалық ойындар
- Іскерлік ойындар
- Интелектуалдық ойындар
- Ұлттық ойындар
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған мәліметін оқушылардың зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал.Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын арқылы оқушылар мына жағдайларды бастан өткереді:
- Сабаққа ынтасы артады
- Шапшаңдыққа үйренеді
- Ойын ашық айта алады
- Батылдық сезімі пайда болады
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды ор халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Ойын – адам әрекетінің, дағдысын танытатын баланы оқыту түрі. Баланы оқыту үшін мұғалімдер түрлі әдістер пайдаланады. Ойын солардың бір түрі болып табылады.