Home » Мақалалар » БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Байкенжеева Шолпан,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
 Қосүйеңкі ауылы
№84 негізгі мектебінің
 бастауыш сынып мұғалімі

     Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті. 

Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.  Мен бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Оларға түрлі әдіс тәсілдер арқылы сабақты меңгертуге тырысамын. Білім нәрімен сусындап, тәрбие мәйегіне тұнып өскен оқушы болашақта мықты маман болары анық. Ал мықты маман ол мемлекеттің  гүлденуіне үлес қосатын жандар болып табылады.  «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісінде ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ береген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген Бауыржан Момышұлы. Педагогикалық қызмет – қиындығы мол қызмет. Әрине ұстаз болу оңай емес, себебі ол бір – екі ғана баланы тәрбиелемейді, ондағы әр түрлі қабілеті мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез – құлқы мен әдет – ғұрпы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі – оның баламен үнемі қарым – қатынаста болумен және рухани араласумен сипатталатындығында. Әр баланың көңілін, тілін таба білу керек деп ойлаймын. Мен өзім оқушыларыммен сырласып, дос сияқты ақылдасқанды жөн көремін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.