Home » Мақалалар » ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ӨЗГЕШЕ КӨЗҚАРАС

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛЫС – ӨЗГЕШЕ КӨЗҚАРАС

Байкенжеева Шолпан,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
 Қосүйеңкі ауылы
№84 негізгі мектебінің
 бастауыш сынып мұғалімі

     «Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-, деп Ахмет Байтұрсынов атамыздың айтып кеткеніндей, қоғамдағы өзгеріс, барлық салаға да әсер етеді. Соңғы онжылдықта білім саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Соның бірі жаңартылған бағдарлама болып отыр. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Критериалды бағалау жүйесі бұрыңғы дәстүрлі бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалауда білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын жəне оқыту мақсаттарына қол жеткізгенін түсінуге мүмкіндік беретін бағалау.

   Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

  1. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  2. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
  3. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану.
  4. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
  5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
  6. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер.     Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт.

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.