Home » Мақалалар » Батырларға мың тағзым 

Батырларға мың тағзым 

 Жамбыл облысы,
Тараз қаласы,
№42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасының әдіскері
Бердигулова Кулдары Нупбаевна

     9 мамыр Жеңіс күні — адамды ерекше күйге түсіретін, аса қастерлі әрі айтулы күн. Жеңіске жетпегенде көптеген халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді, кім білсін?! Осынау тарихи күнді келер ұрпақ ұмытпас үшін мекеме меңгерушісі Г.С.Иманбердиева және ұжыммен бірлесіп Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында аты-жөні тасқа қашалып жазылған батырларға былтырғы жылы тағзым еткен едік. Биыл тәрбиеленуші балалар қашықтан өз өнерлерін көрсетіп, батырларға арнайы өлең шумақтарымен бөлісіп, ватсап платформасында ата-аналармен қызу пікір алмастық.  Бұл іс-шара өз кезегінде тарихқа шолу десек те болады.

   Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні — соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» — деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер — Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер — қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана уақыт болса, адамзат өмірінде алатын орны ерекше. Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» — деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні санаулы қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың өтелмес парызы.

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы 2018 жылы қайта жаңғырып, 9-мамыр күні ашылған.  Айтатын болсам, осы Ерлік мемориалды кешінінің ортасына Б.Момышұлының ескерткіші әкелініп тас тұғырға орнатылды, оның алдына мәңгілік алау монументі қойылған. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан 48 кеңес одағының батырының есімдері жазылған арнайы тақтайшалар бой көтерді. Одан кейін, Даңқ аллеясы бар, онда Жамбыл облысынан шыққан майданға аттанған 105 мың жауынгердің есімі тасқа қашалып жазылған. Олай болса, құрметті Қазақ Елі! Осы сәтті пайдалана отырып, қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.