Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№13 мектеп-гимназия»КММ
 музыка  пәні мұғалімі
Таубаева Сарсенгул Онгарбаевна

Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың төртінші аптасын да аяқтадық,бұл ерекше оқу түрінің де нәтижесін байқаудамыз.Бұл тек мұғалімге ғана емес,білім алушылар мен уйдегі ата-анаүшін де үлкен сабақ болды.Мұғалімдер арасында жаңа ақпараттық технологияны меңгеру жас мамандарға көп қиындық тудырмайды.

Оқушыларымыз да ата-аналардың көмегімен смартфондарды,компьютердегі қажетті ақпаратты тез игеріп алады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары яғни 1-11 сынып оқушылары үшін «Balapan»телеарнасында өтетін бейнесабақты тамашалайды.Сонымен қатар мұғалім мен оқушы mektepedu,zoom,Google classroom  платформаларында және whatsapp,telegram желілерінде онлайн кездесіп,білімін пысықтайды.

Қашықтықтан оқыту-ақпараттық құралдар ғылыми негізделгентәсілдер арқылы оқытуды басқара отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасау.

ҚР білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағанбетовтың бұйрығы негізінде 3-сәуір күні бүкіл Қазақстан мектептері сынама сабақты өтіп шықты.Бұл сынама сабақта мақсаты оқушыларға да ,ұстазға да тиімді жолдарды таңдау болатын. Бірден бәрі оңай шешіле қойған жоқ. Алғашқы кезде мұғалім тарапынан да , оқушылар тарапынан да қиындықтар кездесті. Атап айтар болсам интернет жылдамдығының аздығы, бір уйде бірнеше баланың  бір смартфонда тапсырмаларды орындауы,тек смартфонның  ата-анада,олардың жұмыста болуы әрине қиындықтар туғызды.

Әлемді жайлаған жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында елімізде жарияланған төтенше жағдайлар үйреншікті қалыпты өмірімізге біраз өзгерістер әкелді.Алғашқы кезде бұл жаңалыққа ұстаздар қауымы «қалай болар екен»деп күдіктене қараса,қазақ «көз-қорқақ,қол-батыр»демей ме,іске кірісіп кеткен соң жаңа оқыту тәсіліне де тез арада үйреніп алғандаймыз.

Қазір қашықтықтан оқуға шәкірттер біршама төселіп қалды.Жұқпалы дертке байланысты жарияланған төтенше жағдай осылайша оқу үдерісіне ешқандай кедергі келтірген жоқ.Сабақтар күнтізбелік кестеге сай жүргізіліп, оқушылар тақырыптарды толыққанды игеруде.

Қорыта  келгенде,қашықтықтан оқытуәрбір мұғалімнің біліктілігін көтереді.

Оқушылардың өз бетімен білім алуын қалыптастырады.Үштік одақты яғни мұғалім,ата-ана,оқушы арасындағы байланысты нығайтты.Еліміз үшін бұл да бір жаңа белес,жаңа шың деп білемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.