Home » Мақалалар » Қашықтан оқыту —  мәселенің шешімі

Қашықтан оқыту —  мәселенің шешімі

Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
№49 КММ ЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Садибекова Ғазиза Нұржақыпқызы

      Еліміз коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдайлар режиміне көшті. Коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған әр түрлі шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бірі Қазақстан мемлекетінің оқушыларының төртінші тоқсанда 6 сәуірден бастап қашықтан білім алу жүйесіне көшуі. Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту болып саналады. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл мәселенің оңтайлы шешімі болып тұр.

Мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқан іс-шарадан Алматы қаласы, Түрксіб ауданы №49 КММ ЖББМ ұжымы да тыс қалған жоқ. Мектебіміз Білім министрлігінің нұсқауын басшылыққа ала отырып кезең-кезеңімен қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінеді. Сондықтан мектеп ұжымы да, ата-аналар да, оқушылар да бұған түсіністікпен қарап, бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр.

Алдымен мектеп мұғалімдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қашықтан пед.кеңестер, конференциялар өтті. Мұғалімдер де өз кезегінде оқушылармен, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Мемлекет көлемінде осы мәселені шешу үшін  төрт бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бірінші бағыт –  теледидар арқылы сабақ өткізу.  Екінші үлкен бағыт – радио. Үшінші бағыт – почта арқылы. Төртінші бағыт – интернет желісі арқылы жүргізіп жатқан  жұмыс. Осының ішінде біздің ұжым екі бағытта жұмыс істеуде.  Біріншіден теледидар арқылы сабақ өткізу.  Біздің оқушылар «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары арқылы күнделікті сабақ кестесі бойынша әр пәннен мағлұмат алып отыр. Екінші бағыт – интернет желісі арқылы жүргізіп жатқан  жұмыс. Бұл орайда біздің ұжымның бірлескен шешімімен Күнделік, Классрум, Білімленд, Ватсап сияқты интернет платформалары таңдалып алынды. Осы платформалар арқылы оқушылырға тапсырма жіберіліп, олардан келген жауаптарға кері байланыс беріліп отыр.

Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа болған жоқ, дегенмен де бар күш-қуатымызды салып, осы туындап отырған жағдайға бейімделіп, өз міндетімізді абыроймен атқаруға тырысып жатырмыз.

Мектебімізде оқитын көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға да көмек көрсету, қолдау сияқты іс шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Әріптестеріміздің өзі материалдық тұрғыда көптеген оқушылардың интернет желісіне қосылуына көмек көрсетті. Бұл мақтануға тұрарлық жағдай. Мектеп кабинетінде тұрған компьютерлер таратылып берілді.

Қандай да бір проблема туындаса, біз әрқашан Білім және ғылым министрлігіне хабарласа аламыз. Білім және ғылым министрлігі де өз тарапынан проблемларды шешуге көмектесетініне сенеміз. Мысалы министрліктің қолдауымен біздің мектептің көптеген оқушыларына планшеттер таратып, интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін флешкалар берілді. Мұның өзі көптеген отбасына көмек болды.

Қазіргі таңда мектеп басшылығының бақылауымен әр оқушыға көңіл бөлініп, жағдайлары қарастырылып отыр. Әсіресе көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар мектеп басшылығының жіті қадағалауында. Сондықтан бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен өтетінімізге шын жүректен сенемім мол.

БІЗ БІРГЕМІЗ! БІЗ ҮЙДЕМІЗ! БІРГЕ БӘРІН ЖЕҢЕМІЗ!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.