Home » Мақалалар » Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Көктем келді  тіршілікке  сән  беріп,
Ерлік  туын  олжалады  жан беріп,
Нағыз  қазақ  рухына  жарасты
“ Жеңіс “ деген  Отанына  ән келіп!

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл — 75 жыл! 9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы. Бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау  –  біздің парызымыз !
Біз соғысты көрген жоқпыз. Фашистердің жантүршігерлік қатыгездігін кинодан көрдік, қан майданның отқа оранған күндерін әдеби шығармалардан оқыдық. Менің үлкен атам Құрбанов Найманбай 1942 жылы қыркүйек айында Сталинград түбінде шайқасқа аттанып, 1947 жылы елге аман-есен оралған. Қазір атам 98 жаста Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында биыл жеңістің 75 жылдық мерейтойын қарсы алуда. Атам соғыс жайлы айтқан әңгімелері, майдангер достары туралы еске алған кездегі жасқа толы жанары жасқа толады.

Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 1941-1945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды.

Аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қаншама елімізді көркейтер жас қыздар мен жігіттер кете барды.
Ұлы Отан соғысында жеңіс сағатын жақындатуға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар барлық елді мекенде болған. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына алып, аналық мейірімімен тәрбиеледі. Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаев соғыс туралы көптеген өлең жырларын жазды.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын! Бүгінде соғысқа қатысқан ардагерлер азайып бара жатыр. Соғыс туралы әңгімелер ертегі сияқты. Көп қасірет әкелген соғыс енді қайталанбаса екен деп тілейміз.

Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін!

Шымкент қаласы
№7 Қ.Спатаев атындағы мектеп-лицей
Бахытбекұлы Бердібек

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.