Алматы қаласы, Алатау ауданы
№171 Жалпы Білім беретін мектептің
Қазақ-тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Оразбекова Шынар Абдукаримовна
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды.Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты,соғыс та ұмытылмас із қалдырды.Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын,Отанын қорғаған жауынгерлердің ерлігі мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары бүгінгі жас жеткіншек ұрпаққа мақтан тұтарлық үлгі болса деймін.Олай дейтінім, осы сұрапыл соғыста жас өмірін қыршын қиған екі атамды атағым келеді.Ол кісілер небәрі он тоғыз,жиырма бір жаста еді.Елін,жерін қорғау үшін майданға аттанып,ізім-ғайым жоғалды,балаларының артында ұрпағы қалмаған ана зар илеп қала берді.Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына орай,Ресейлік сайттардан аталарымыздың сүйегі табылып,бір қуандық,әттеген-ай,әжеміз бұл қуанышты көре алмады,арманда кетті.
1945 жыл, көктем айы,әкеміз майданға шақырту алды,небәрі 18 жастағы жас жігіт Отанын,Елін,жерін қорғауға майданға аттанды.Соғыстың ащы дәмін татқан әкеміз 45-ші жылдың көктем айында ауыр жарақат алып,Бакудегі госпитальге жеткізілді.Ұлы Жеңісті сол ауруханада қарсы алған екен.Еліне,Отанына аман-есен оралған әке,отбасылы болып,11 баланы оқытып, жеткізді.
1945 жылы Ұлы Жеңістің 50-жылдығына арнап,Еліміздің тұңғыш Президенті «Таврия»автокөлігін сыйға тартты.Елі,жері құрметтеген ,ерлігін бағалаған Отанына, әкеміздің алғысы шексіз,арманы жоқ еді.Өмірінің соңғы жылдары өткен,Балқаш ауданы,»Балқаш өңірі «газетіне шыққан шағын мақаласы соның дәлелі.
9-мамыр-бұл мереке ғана емес.Бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы.Сондықтан 9-мамыр,біз үшін ерекше күн ,әкеміздің көзінің тірісінде бұл мерекені ерекше етіп тойлау ,біздің парызымыз еді.Ендігі күні 9-мамыр аталарымызға ,әкелерімізге арнап құран оқыту,еске алу күні болып қалмақ.
Аталарымыздың,әкелеріміздің ерлігі, ер еңбегі ешқашан ұмытылмайды!