№ 102 ЖББМ КММ
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары,
ағылшын тілі мұғалімі
Сабырханова Таңшолпан Маратқызы
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.
«Саналы ұрпақ» жобасының негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру іс-шаралары Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектепте де кең ауқымда алып барылуда. Қашықтықтан оқу форматында да оқушылар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыруға арналған шараларда мектебіміз оқушылары белсенді қатысуда.
№102 мектептің 6-сынып оқушысы Батырхан Айлан қазақ-орыс мұғалімдер қоғамдастығы мен «Алые паруса» халықаралық балалар орталығының ұйымдастыруымен ақын К.Симоновтың шығармашылығына арналған оқырмандардың халықаралық байқауына қатысып, құрметті 1-орынды иеленді
https://www.instagram.com/p/B_uNJkNJk_X/?igshid=1a5sigj4gjtkh
3 «А» сынып оқушысы Шарипбаева Балнур Маратқызының «SANALY URPAQ» байқауына қатысып, саналы ұрпақ жайлы өзі жазған өлең шумақтарын арнады.
Саналы ұрпақ
Саналы ұрпақ мен, сен!
Жайнайды өмір гүл ексең
Бақыттың кілті досым ол,
Адалдық жолы сенсең!
Саналы ұрпақ мен, сен!
Құлпырар таңың күлсең
Жетесің айқын мұратқа,
Адалдық жолымен жүрсең.
Саналы ұрпақ мен, сен!
Жемқорлыққа көнбесең
Болады жарқын болашақ,
Сенемін толық, сен де сен!
https://www.instagram.com/p/B_optMYJs-D/?igshid=lpdigjycuire
Мектеп оқушылары -жемқорлыққа қарсы. Бала күнінен бастап Отанға деген патриоттық сезім мен адалдық қасиеттерді дарыту басты мақсат.
Шынайлықпен адамгершілікке баулитын «Саналы ұрпақ» жобасы алдағы уақытта да жүйелілікпен жүзеге аспақ.
Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Адалдық жолын таңдау арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ…