Жуырда Алматы қаласы Түріксіб ауданына қарасты 147 бөбекжай балабақшасында «Балабақша — тәрбиенің алтын бесігі» атты семинар өткізілді.
Аталмыш шара мақсаты Ертегі терапиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, есте сақтауын, қиялын, шығармашылық әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды ұлттық мәдениеттің өткені мен бүгінімен таныстыра отырып, қалдық заттарға екінші өмір сыйлау болып табылады
Қонақтарды ортаңғы «Еркем-ай» тобының бүлдіршіндері «Бүлдірген» халық әнімен қарсы алып, нейро жүйе арқылы семинар бағдарламасы таныстырылды.
Мобильді кітапхана Мектепке дейінгі ұйымда балалардың көркем шығарманы тыңдау, түсіну және мазмұнын айтып беру, сондай-ақ балалардың сөйлеуін дамыту мен баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау үшін мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде орналасқан. Онда кітаптарды және педагогтердің алдын-ала әзірлеген ертегілері, шығармалары, өлеңдер, тақпақтар және басқалардың аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) карточкаларға орналастырылған.
Аталмыш шарының негізгі бөлімдерін айта кетсек:
Ғарыш әлеміне саяхат Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, айналаны қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Робототехника – болашақтың бағдары Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады
Зообаққа саяхат»
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту. Зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту. Жан – жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Ертегілер еліне саяхат
Баланың тілін, ой — өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Ұжымдық жұмыс дағдысын дамыту, ертегі кейіпкердерін ажырата білуге, ертегіге деген сүйіспеншіліктерін арттару.
Құм терапиясы
Балаға өзі жайлы, өзін жайлы күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. Танымдық және психикалық процестерді дамыту болып табылады
Сонымен қатар баланың ой өрісін кеңінен дамытуға арналған шығармашылық орталық, стим кабениеті, балықтар әлемі, заттық дамытушы орта, жол ережесі, су асты әлемі сынды бірқатар жобалар әзірленген. Өздеріңіз көргендей «Көктем ханшайымы» театрланған қойылымы шараға көрік беріп, 147 бала бақша ұжымының ұйымшылдығын көрсете білді. Аталмыш қойылымға Ересек, мектепалды топ бүлдіршіндері (85 бала) мен 15 педагог қатысты. Қойылымның Мақсаты: Балалардың есте сақтау, ойлау, елестету, шығармашылық әлеует, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Театрландырылған іс-әрекетке деген қызығушылығын дамыту, қойылым қоюға қатысуға деген құштарлықтарын дамыту.
Семинардың басты мақсаты баланың ой өрісі мен таным көкжиегін кеңейту болып табылады. Келген қонақтар семинар бойынша ой — пікірлері, балабақшаның тыныс – тіршілігінен алған әсерлерімен бөлісіп, алғыс білдірді.
Осымен 3 ші балам осы бақшаға барады, Алматыдағы ең керемет бақшалардың бірі💕💕💕 Коллектив өте ұйымшыл, әрбір іс-шаралары жоғарғы деңгейде аталып өтеді, театрдан, концерттен шыққандай боласың. Әр баланы қалдырмай қатыстырады іс шараға. Бір сөзбен айтқанда One love🫶🫶🫶
Тәртіп мықты. Тәрбиешілердің жауапкершілігі өте жоғары👍👍Күзетші ағайлардың өзі қандай мейірімді, абзал жандар🫶
Балаңды ешбір уайымдамайсың. Осы ауданда тұрып, осы бақшаны таңдағаныма қуанамын 😍😍😍 Мың да бір алғыс бақша ұжымына❤ Меңгерушіге, методист апайға тобымыздың тәрбиешілеріне ерекше алғыс🌹🌹🌹
Тұлпар тобы ата-анасы
4-ші балам осы балабақшаға барады. Өте керемет балабақша. Әсіресе, қазіргі ұлымның тәрбиешісіне Алла разы болсын! «Аяулым» тобының тәрбиешісі Гүлмира апайымыз ең үздік тәрбиеші. Монтессори методы бойынша күнде дамытатын ойындар жасатады. Өз жұмысын, балаларды қатты жақсы көретін маманға тап болғанымызға мың да бір шүкір. Жалпы, басшылық мықты болғандықтан, тәртіп бар. Білім бар
Керемет балабақша 👍
Ұлым өз апайын жақсы көреді Гульмира апайды
Балам 1 жыл болды барғанына . Өте жақсы балв бақша тәрбиішілері де няняларыда күшті 👍
Көп рахмет
Бул бакшага ана ретинде конилим толады. Асиресе, биздин тамаша апайларга. Балаларга деген мейрими, махаббаттары, конилдери ерекше. Бакшамыз тек дами берсин🕊️🙌🏼
Бала бакша да,тарбиешилер де,нянялар да унайды👍🏻