Темирбекова Алтынай Жанатовна
Қарағанды облысы Нұра ауданы
Қарой жалпы білім беретін мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
«Жаңашыл мұғалім»
эссе
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар қойылуда. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр. Шәкірттің жанына нұр құятын ұстаз ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Менің өмірлік ұстанымым – Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин
Менің өзіме қояр талабым мен мақсатым жоғары. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Сондықтан мұғалім өзін жан-жақты дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білу керек. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кеңінен пайдалана білуі керек. Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдістерді, технологияны тиімді қолдануда. Өзімнің тәжірбиеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз: алдына жаңа талаптар мен мақсаттар қойып, дамудың даңғыл жолын іздеуі тиіс. Әртүрлі кездейсоқ жайттарға байланысты соның оң шешімін дұрыс таба білуі керек, тиімді технологияларды жүйелі қолдана білуі тиіс.
Қорыта айтар болсам «Бала бақыты – жақсы ұстаздың қолында» деген қанатты сөзді қолдана отырып еліміздің болашағы жастардың қолында сондықтан қазіргі жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындады. Білім мазмұнын жаңарту – қазіргі заман талабы. Шәкірттің білімді болуы- ұстаз қолында. Менің ең басты мақсатым заман талабына сай білімді, жан-жақты дамыған, озық ойлы шәкірттер тәрбиелеу.