Рахимова Құралай Сапарқызы
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы облыстық көру қабілеті
бұзылған балаларға арналған
арнаулы мектеп-интернат тәрбиешісі.
Мақсаты: 1) оқушылар пікір таластыра отырып, ұялы телефонның зиянды және пайдалы жақтары жөнінде білімдерін жетілдіру.
2) оқушылардың өз ойларын, тұжырымдап айта білуге, жан-жақты іздене білуге, өз пікірін фактілер келтіре отырып, жүйелі айтуға және пікірін дәлелдей білуге, біреудің пікірімен санаса білуге дағдыландыру.
3) Ортада және топпен жұмыс жасай білуге, өзіне деген сенімін арттыруға ықпал ету.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, жақтаушы және даттаушы топтардың қажетті сөздері, видео көрсетілім.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөзі. Бүгінгі дебат сабағымыздың тақырыбы: «Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе?» Жақтаушы және даттаушы топтар орындарына орналасты. Ал қалған оқушылар сараптаушы топ болады.
Олар екі топтың сөздерін, пікірлерін мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтады.
- Ойын барысы.
- Жақтаушы топ.
Кіріспе: Қазіргі адамдардың ерекше сүйіспеншілігіне бөленіп, «сотка» аталып кеткен ұялы телефондар барлық тіршілігімізді билеп алған. Онсыз күніміз жоқ. Ұялы телефон 20 ғасырдың ортасында Жапония, Қытай, Америка мемлекеттерінде шыға бастады. Ол мемлекеттерден біздің мемлекетке ХХ ғасырдың аяғында келді.
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ұстаздар!
Мен Жүрсінбаева Гүлден өз тобымның №1спикері.
Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік» деген пікірді қолдаймын. Жыл санап, жетістіктерін молайтып отырған Қазақстан халқы да өзге елдер сияқты ғылым мен техниканың дамуына оң көзқарас танытуда. Шет мемлекеттерде білім алып, білімдік сайыстарда алдыңғы орындар алып жүрген Қазақстан жастары мен халқы үшін ұялы телефон пайдалы дүние. Ұялы телефонның маңыздылығы мен қажеттілігі де осында.
1-ші дәлелдемем. Ұялы телефон байланыс көзі. Керекті хабарды уақытында алу, әр істе жетістікке жетудің кепілі. Бір сөзбен айтқанда уақыт, дәлдік деген ұғымдарға ұялы телефонның да қатысы мол.
2-ші дәлелдемем.1. Біздің пікіріміз, ойымыз. Ұялы телефон оқушыларға қажет.
- Егер боранды күні жолға шығып, далада машинаң жүре алмай
қалса, соткамен хабар бересің де, құтқарушы келеді. - Ата-анамыз жұмыста болғанда, біз сабаққа кетеміз. Олар бізді
ойлайды. Сол кезде ұялы телефонмен жағдайымызды біліп
отырады. - Дамыған елу елге теңесу үшін әрбір оқушы телефонды да,
компьютерді де меңгеру керек.Тыңдағандарыңызға рахмет!. - Даттаушы топ.
Кіріспе: Ал біз сіздердің пікірлеріңізді қолдамаймыз. Ұялы телефонның қаншалықты зиян келтіретінін неге ойламайсыздар.Бекерге қызыға бергенше бізді тыңдап, ойланыңыздар достар.
«Даттаушы» топтың 1 спикері Дәріс Рысханның ойы: Мен Рысхан өз тобымның №1 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарқынды дамып, адамзат баласының техника саласындағы үлкен жетістіктерге жетуімен ерекшелуде. Осы жетістіктердің ішінде бүгінде жастың да, кәрінің де қолында жүрген аядай ғана ұялы телефонды айтуға болады.
Олай болса, менің бірінші дәлелдемем.
- Ұялы телефон денсаулыққа зиян. Мұны жер жүзіндегі дәрігерлер қауымының дабыл қағып отырғанын білеміз. Ұялы телефон әсіресе дамып келе жатқан жасөспірімдер денсаулығына аса қауіпті. Ол ми ісіктерінің пайда болуына, құлақ жарғақтарының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың түрлі ауруларға ұшырауына ықпал етеді.
- Қазіргі таңдағы оқушылардың білім сапасының нашарлауы, яғни сабақ уақытындағы телефон ойынына қызығуы, сабақты тыңдамауы, көңіл бөлмеуі ұялы телефонның зияндылығын дәлелдейді. Осылайша оның білімге деген құштарлығын жояды деп есептеймін. Тыңдағандарыңызға рахмет!
- Біздің пікіріміз, ойымыз. Оқушыларға ұялы телефон қажет емес.
- Денсаулыққа зиянды радиациялар бөледі.
- Ұялы телефон алуға және бірліктерге яғни единицаға қаншама
қаражат қажет. - Ұялы телефонның көбі Қытайда жасалады.
- Жақтаушы топ.
1 .Алыстағы ата – әжелерімізге хабарласып, құттықтаймыз.
- Тойларда, мерекелерде суретке түсеміз.
- Сабақтан аурып қалып қойсаң, ұстазыңа хабарлап айтасың. Достарыңнан сабақ сұрайсың.
- Ата-анамыз ерте жұмысқа кетеді. Бізді кім оятады ? Әрине анамыз
соткаға тұратын уақытымызды белгілеп кетеді. - Музыка тыңдап, ойын ойнайсың.
Жақтаушы» топтың 2 спикері Жігер Санияның пікірі: Армысыздар құрметті көрермен қауым! Мен Сания өз тобымның №2 спикері.
Біздің тақырыбымыз: “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қолдаймын. Біздің заманымызда әртүрлі өзгерістердің басым бөлігі техника жетістіктері болып табылады. Бүгінгі сөз болып отырған ұялы телефон да техникалық құрал. Ол тек хабар беру құралы емес.
1-ші дәлелдемем: Ұялы телефонның қазіргі уақытта пайдалылығы, яғни қажеттілігі. Оның калькулятор, интернет, камера, видео сияқты функциялары қай мамандықта да пайдалы. Керекті хабарды, ауа-райын, валюта курсын, жаңалықтарды да осы телефонның көмегімен білуге болады. Ол үшін компьютерді бірге алып жүру қажеттігін азайтады. Олай болса, әртүрлі саладағы қызмет адамдарына ұялы телефон пайдалы.
2-ші дәлелдемем: Адам күні адаммен дегендей біздің арамыздағы әртүрлі қарым-қатынаста ұялы телефонның маңызы зор. Ұялы телефон қарым-қатынасты реттейді. Қазіргі алтыннан уақыт қымбат заманда жаныңа жақын адамыңның көңілін тауып, жай-күйін сұраудың зияны жоқ шығар деп ойлаймын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
- Даттаушы.
1.Сабақта шырылдап, көңіліңді бөледі, басқа балаларға кедергі
болады.
- Ұялы телефонды жатса да, тұрса да қолынан тастамайтын бала
тұйық, жеке жүретін, көп сөйлемейтін болады . - Жүргізушілерге соткамен сөйлесуге болмайды. Апаттың көбі қазір
соткамен сөйлескендіктен болып отыр. - Кейбіреулер балаларды төбелестіріп, соткаға түсіріп алады.
- Соткамен көп сөйлессең, музыка тыңдасаң, құлағың аурады. Ал одан
ойындарды көп ойнасаң, көзің аурады.
«Даттаушы топтың 2 спикері Ниетқалиева Аяжанның ойы: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Аяжан өз тобымның №2 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. Өзіне ненің қажет, ненің қажет емес екенін жете түсіне бермейтін жас өспірімдерге ұялы телефон аса қажетті дүниеге айналды. Телефонды ойлап тапқан өнер тапқыштар осы телефонның бизнеспен айналысатын, уақыты тығыз, уақыты ақшамен есептелінетін жандарға арналғанын айтқан. Сонымен бірге зиянды тұстарында ескеріп, қауіпсіздік шараларын да бірге жеткізген. Алай да осы ережелерді ешкімде сақтамайды. Осы ережелерге байланысты менің бірінші дәлелдемем.
1) Ұялы телефонды жатын бөлмелерге түнгі уақытта қоюға болмайды. Заряд көзіне қосып қоюға да тыйым салынған. Яғни ток көзіне қосылған телефон да, қосылмаған телефон да жаңбырлы, найзағайлы күндері, не магнит күндері жарылғыш бомбамен тең. Ал қазір жастығымыздың астында жатырған әр телефонның соңы не боларын кім білсін. Өздерін бизнесмен деп есептейтін әр адамның осы телефонға тым әуестігі түсініксіз жағдай. Яғни өміріне аса қауіпті екенін де түсінбегені ме?
2) Қазіргі нарық қысқан заманда ұялы телефон ақша жоғалтудың басты себебі; әр ай сайын бірнеше мың бірлікті салатын әрбір адам ұялы телефон компанияларының қалтасын қалыңдатып отыр. Кейде тым қажетсіз уақытта да қыруар бірлік кетіретін телефон жалақысы аз, көпбалалы отбасы бюджетіне көп салмақ салуда. Бір жанұяда бірнеше телефон болса, ай сайын 5-6 мың теңге орта есеппен желге ұшады. Тыңдағандарыңызға рахмет
«Жақтаушы» топтың 3 спикері Душева Ақтілектің пікірі: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Ақтілек өз тобымның №3 спикері. Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қорытамын. Жоғарыда жақтастарым дәлелдеп өткендей аядай ғана ұялы телефонның адам баласына пайдасы жетерлік. Жалпы адамзат үшін ең басты нәрсе – өмірі мен денсаулығы болса, оны сақтауда, ұзартуда яғни дер кезінде алғашқы жәрдем шақыру да осы телефонның еншісінде екен. Сонымен қатар хабар алу, мәлімет алу, бизнесті өркендету сияқты маңызды нәрселерде де ұялы телефон тиімдірек. Ал оның зиянды жағы, пайдалы жағынан кейін айтылады. Барлық техникалық зиянын ғалымдар болжай алғанымен, нақты дәлел келтіре алмайды. Ал ұялы телефонның зияны әлі дәлелденбеген бір жақты пікір. Яғни оның зияндылығына болжам ғана бар дер едім. Техниканың қай түріне де нұсқау жасалады. Оны қолдану уақыт, ескерілетін жайларды техника кітапшаларына жазылады. Сондықтан ұялы телефонды қолдану бағытын, өз ережелерін сақтаса орасан зор зиян келтірмес еді. Өз денсаулығына алаңдаған, бизнеспен айналыспайтын, жақындарынан жақын тұратын адам ұялы телефонды қолданбай-ақ қоюға болады. Уақыт, дәлдік деген ұғымдарды реттейтін пайдалы техника құралы ұялы телефонды орнымен қолдануға үйренсек қана, оның зияндылығы сөз болмас еді деп пікірімді аяқтаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет!
«Даттаушы» топтың 3 спикері Каменова Әсемнің ойы: Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар! Мен Әсем өз тобымның № 3 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген пікірді қорытамын.
Жоғарыда менің тобымның спикерлері дәлелдеп өткендей, заманның басты проблемаларының бірі ұялы телефон. Ұялы телефон қазіргі қиын экономикалық дағдарыс уақытында көп балалы жанұя ата-анасымен, ауқатты жанұя ата-анасының арасындағы ара жікті ашатын зиянды құрал болды. Ауқатты отбасы баласының құны 40-50 мың тұратын телефонын көрген көпбалалы, не жұмыссыз отбасы баласы өзін бейшара санап, өмірден түңілуге дейін жағдай туғызады. Бұл дегеніміз жалпы ұрпақ тәрбиесіне келетін орасан зор зиян.
Ендігі жерде осыған тоқтау болар тек әр адамның сана түйсігі деп ойлаймын. Болашақ ұрпаққа, яғни, сіз бен біздей жасөспірімдерге ұялы телефонды орынды қолдануды үйреніп, жақсы мен жаман жағын таразылай білейік дегім келеді. Қорыта келе, ұялы телефонның зияны жетерлік деген пікірді қолдаймын. Тыңдағандарыңызға рахмет!
Сараптаушы.
- Егер отбасының қаражаты жетпесе, сатып беріңдер деп мазалаудың
қажеті жоқ. Сотка қажеттілік емес, онсыз да өмір сүре аласың. - Ұялы телефонның денсаулыққа зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан тек қажетті кезде ғана қолдану керек.
- Сабақ кезінде соткаларыңды сөндіріп, немесе ешкім сабақ
уақытында қоңырау соқпауын ескертіп қойсаңдар дұрыс болады. - Ұялы телефонға көп бірлік кетірмей, ең керекті сөздермен
шектелу қажет. Бос әңгіме айта бермеу керек. - Төбелестерді соткаға түсіріп, оны басқаларға тарату,
тәртіпсіздің ісі. - Сотка қажет екені жасырын емес. Қажет кезінде тез хабарласа
аласың. - Жүргізуші жүріп келе жатып, соткамен сөйлеуге болмайды.
- Адасып кетсең, сотканың көмегі өте қажет.
Ұсыныс: Екі жақты тыңдай келе, біз мыныдай шешімге келдік. Әрине, заман талабына сай, ұялы телефон қажет. Бірақ, жаңағы даттаушы топтардың айтқандарын да жоққа шығара алмаймыз. Ұялы телефонның зиянды кездерін де ескеру керек.Ұялы телефонды қажетті кезде ғана қолданғанымыз дұрыс.
Қонақтардың ұсынысы қандай ?
- 6. Қорытынды: Сараптаушы топтың пікірін тыңдағанымыз дұрыс шығар. Ал екі топ та теріс пікір айтқан жоқ. Өздерің тағы да ойланып, дұрыс шешім жасайды деп сенеміз.