Альжанова Дана Қабылкешқызы
Нұр-Сұлтан қаласы
Шейх Тамим бен Хамад әл-Тани атындағы
№85 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
педагог-зерттеуші
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…»
атты әдеби-музыкалық байқауы
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекіліктері: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайдтар, шарлар, балдық житондар, музыка.
Жүргізуші (Альтаир): — Жантөре, сен білесің бе, менің барлық сабақтарым «5» қой!
Жүргізуші (Жантөре): Қазақ тілден де ме?
Жүргізуші (Альтаир): Иә, мен БЖБ-дан барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім ғой!
Жүргізуші (Жантөре): Ал, мен, білесің бе, минутына қанша сөз оқитынымды?
Жүргізуші (Анна): Ұлдар, ұлдар, тоқтаңдар, «Ғылым таппай, мақтанба! Орын таппай баптанба» деген Абай атамыздың сөздері бар емес пе? Және сайысымызды бастамаймыз ба?
Жүргізуші (Жантөре): Дұрыс айтасың, Анна!
Жүргізуші (Альтаир): Иә, ең алдымен, көрермендермен амандасып алайық! Армысыздар, құрметті әдебиет сүйер қауым!
Жүргізуші (Анна): Сәлеметсіздер ме, қадірменді ұстаздар мен қонақтар!
Жүргізуші (Жантөре): Қайырлы күн, қымбатты оқушылар!
Жүргізуші (Анна):
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай атамыз бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Жүргізуші (Жантөре): Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Жүргізуші (Альтаир): Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 2- сыныптары арасындағы «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты әдеби-музықалық сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші (Анна): Сайысымыздың ережесімен таныс болыңыздар! Сайыс 3 номинация бойынша өтеді:
- «Жүрегін шырақ етіп жандырған,
Жырымен жан сусынын қандырған» атты көркемсөз оқу шеберлігін сынау. (Мәнерлеп оқу сайысы)
Жүргізуші (Жантөре):
- «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй…» атты ән айту сайысы
Жүргізуші (Альтаир):
- Абайдың қара сөздеріне негізделген көрініс қою немесе мәнерлеп оқу сайысы.
Жүргізуші (Анна): Олай болса, сайысымызды бастамас бұрын көрермендерді әділқазылар алқасымен таныстырайық:
- ______________________________________
- ______________________________________
- ______________________________________
- ______________________________________
- ______________________________________
Жүргізуші (Жантөре): Әр номинацияның ең жоғары баллы – 3
Жүргізуші (Альтаир): Онда, достар, бүгінгі кешімізге дайынсыздар ма? Бастайық!
Сахнада 2 «Ж», «З», «И», «К», «Л», «М», «Н», «О», «П» сынып оқушылары (әр сыныптан Абай Құнанбаевтың 1өлең, 1 қара сөз, 1 ән) өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші (Альтаир): Осымен барлық сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп шықты, әділқазылар алқасы өз ойларын түйгенше, алдарыңызға 2 «Л» сыныбының оқушысы, халақаралық сайыстарының жеңімпазы Ашимов Асаналидің өнерін тамашалайық
Жүргізуші (Жантөре):
Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік!
Жүргізуші (Анна): Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» атты әдеби-музықалық сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға алғысымыз мол!
Жүргізушілер: Қатысушыларға үлкен рахмет!