Ельжанова Үміт Қайырғалиқызы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының № 3 «Гүлдер»
бөбекжайының жоғары санатты тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Денсаулық».
ҰОҚ: Көркем әдебиет, Драма, Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Мақсаты: Балалар ертегі желісі бойынша әңгімелеп және сүт, су, жұмыртқаның адам денсаулығына пайдасын, ал сағыздың зиянын да айта алады. Кейіпкерлерге бөлініп, ертегіні сахналай алады. Тәрбиешінің жетекшілігімен және құрылымдалған ойындар ойнауда топқа бөлініп ойнай алады.
Көрнекіліктер: ертегі желісі бойынша кейіпкерлерге бетперде, құралдар және ойындарға кішкентай шелектер, шеңбер, ағаш макеті.
Балалар үштілде қонақтармен амандасып, шеңбер болып тұрады.
Сиырдың мөңіреген дауысы естіледі. Балалар таңдана қарайды.
Тәрбиеші:-Балалар, бізге тосын қонақ келген сияқты, қайда тұр екен? – деп жан-жаққа назар аударады (топтың бір бұрышында сиыр макеті тұрады).
Міне, келген қонағымыз.
-Бұл не жануары? – Үй жануары.
-Неге оны үй жануары етіп, асыраймыз,қандай пайдасы бар?
-Адамдарға пайдасы бар, етін жеп, сүтін ішіп,терісін пайдаланады.
-Ендеше осы сиырдан алынатын тағам-сүт туралы жақсы біліп, қай ертегіде көп кездесетінін білесіңдерме? (балалар жауаптары).
Кел, көрейік ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
Музыка ойналады.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Бір күні Мақта қыз үй ішін жинап, үстелді реттеп жүреді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Айша: Мақта қыз:
— Мияуым менің, қайдасың?
— Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
— Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді ыдысқа салып жасырып қояды)
Мақта қыз:
Балғын жидекке қарағанда қақталған мейізде дәрумендер 10 есеге көп болады. Мейізде В дәрумені бар, мейіз жүйке жүйесіне, жақсы ұйықтауға көп пайдасы бар. Тынышталдырады және шаршағанды басады.
Мақта қыз: Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш — піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.
Ерден: Мысық: Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді
Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: -Айтпаймын!
Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: — Ой, ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Сиырға келеді:
Мысық: Мяу,мяу.
Дастан: Сиыр: Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір — дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Кәусар: Сүт – ең пайдалы тағам. Адам денесіне сүттің көп пайызы сіңеді.
Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін түрлі тағам әзірлейді. Олардың бәрі адам денсаулығына көп пайдасы бар.
Ойын: «Сиырды сауамыз»
Шарты: Ойында қыздар кезекпен барып, сиырды сауады. (сиырдың макетінде резенке қолғапта су құйылған соны екі қолмен қимылмен орындайды)
Ағашқа келеді.
Ағаш: Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Ойын: «Ағашты суарамыз»
Шарты: Балалар екі топқа бөлініп кішкентай шелектердегі суды төкпей, ағаш макетіне апарып құйып келу.
Қыздарға келеді.
Қыздар: Айару А: Су — тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп қана білгейсің.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Айару Д: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.
Айару Д: Су туралы Адамдардың ауруы судың денесінде аз болуынан болады. Су аз ішсе адамның көзі, басы және буын сүйектері ауырады. Бір күнде адам екі литр (немесе екі баклажка) су ішу керек.
Дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Айжан: Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.
Дүкенші: Мен саған жұмыртқаның адамға пайдасын айтайын. Жұмыртқада адамға күш беретін көп витаминдер бар. Ол баланың тәбетін ашады.Жұмыртқа көп жесе көзің жақсы көріп, ерте қартаймайды.
Томирис: Сағыз туралы Сағыз көп шайнасаң асқазан, сосын тісің ауырады. Сағызды тек тамақ ішкен соң 10 минут шайнау керек.
Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауыққа келеді:
Ясмин: Тауық: Мен ақ тауық, ақ тауық,
Өзім сондай қақсауық.
Тары іздеймін қытқыттап,
Мен ақ тауық, ақ тауық.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер.
Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Дамир: Тышқан: Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін.
Тәрбиеші: ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
Мысық: Айт, үйіңде не бар? Тез айт, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Менде көп дән бар.
Мысық: Маған бір қапшық дән бер, тез.
Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қапшық дән береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді.
Тәрбиеші: Мысық қуанып, қатықты мақта қызға береді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.
Мінекей ертегі соңына да жақсылық, достықпен аяқталды (ертегі кейіпкерлер рөлдерін ойнаған балалар алға шығып, иіледі).
Сүттегі адам денсаулығына, ағзасына пайдалы дәрумендер туралы тақпақтар тыңдайық.
Қайсар Б:
В молоке есть витамины,
Оно полезно и любимо.
Настроенье повышает,
И здоровье укрепляет!
Дарит бороду, усы,
Исполняет все мечты!
Вот как выпьешь молоко,
Жить станет весело, легко!
Диана:
Витамины, витамины
А и В и С и Д
В жизни нам необходимы и хранятся в молоке!
Айлана:
Чтобы были вы красивы,
Чтобы были не плаксивы!
Алихан Б:
Чтоб вруках любое,
Дело дружно спорилось, кипело!
Самийя:
Чтобы громче пелись песни,
Жить чтоб было интересней!
Диана:
Пейте, пейте молоко,
Будут на душе легко!
Тәрбиеші жетекшілігімен ойын: «Пайдалы, зиянды»
Шарты: Балалар қалаған шеңберге кіреді (қызыл, жасыл) тәрбиеші пайдалы, зиянды тағам, әрекеттерді айтады. Қызыл түс – зиянды (аяқ топылдатады), жасыл- пайдалы (қол шапалайтайды) қимылдарын орындайды.
Алма, кола шырыны, сәбіз, шоколад, сүт, кириешки, айран, чипсы, мейіз, шұжықтар, сүзбе-ірімшік, ұзақ уақыт компьютерде отыру, таза ауада серуендеу, көп ұйықтау, жаттығу жасау, қолын жумай тамақтану.
Балалар шеңбер жасап тұрып айтады.
Біздің топта балалар
Тату-тәтті жүреміз
Достық туын тік ұстап
Дос боп әркез жүреміз.
Ертегіні көп тыңдап,
Ақылды біз боламыз.
Денсаулықты біз күтіп,
Салауатты өмір салтын білеміз.
Балаларға сиырдың әкелген сүті беріледі.
Қонақтармен үштілде қоштасады.