Нурлыбекова Жумагуль Мерекиновна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
«№49орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар болыпты. Бұл шаһардың ханы болған екен.
Ол күнде жаман киім киіп, жай кісі болып, шаһарды аралап жүреді екен. Күндердің бір күні шаһарды аралап келе жатып, қағазға үңіліп отырған бір кісіні көреді.
Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл адам ерте де, кеш те бір қалыпта тапжылмай қағазға бірдеңе жазып отырады
Ақырында, бір күні хан:
- Сен не қылған адамсың? –деп сұрайды.
Ол адам басын көтеріп:
- Мен ақыл сатушымын, — дейді.
- Жасың нешеде? –деп сұрайды хан.
- 4 жылқы, тоқтымын – дейді сатушы.
- Олай болса, маған бір ақыл сатшы, — дейді патша.
Сонда ол адам:
- Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы — үш асыл сұрақ —
дейді.
Сонда хан:
— Құлағым сенде – дейді.
— Біріншісі:
— Алты алтын сандықтың ішінде екі-екіден кішкене сандық бар. Олардың аузында құлыптары бар. Ал кішкене сандықтардың ішінде 5 алтын сандықша бар. Ол сандықшалардың әрқайсында 5 алтын теңге жатыр. Сандықтарды ашу үшін сен неше құлыпты ашуың керек? Қанша алтын тиын алуың керек?
— Екіншісі :
Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны екіге көбейттім. Көбейтіндіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты. Мен қандай сан ойладым?
- Үшіншісі:
Кедей жігіт ұстаға көрікті болып жалданды. Жалақысына күніне 3 теңге алып тұруға уәделесті. Әкесі «Балам жылына үйге 1080 теңге келетін болыпты»- дейді.
Жалақысын алған жігіт «ақшаның алты аласын алып, бес бересін берді» — дейді.
а) әкесі қалай есептеген?
ә) ұста қанша теңге алып қалды?
б) жігіт қанша теңге алды?
Хан сұрақтарға жауап беріп, ақыл сатушыдан мынадай ақыл сатып алады: «Не істесең де , ойлап істе, ойланбасаң қор боласың». Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал –дастарқанға дейін жазып қояды.
Содан соң ол үш уәзірін қасына шақырып алып, манағы сұрақтарды әрқайсына қояды. Бірінші сұрақты үлкен уәзірге қояды. Екінші сұрақты ортаншы уәзіріне, ал үшінші сұрақты жасы кіші уәзіріне қояды.
Үшеуі де сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды. Ашуы келген хан үш уәзірін де қуып жіберіп, шаһардағы ақыл сатқан адамды алғызады.
Оны өзінің сенімді серігі, уәзір етіп тағайындайды. Содан бері хан әр ісін сол уәзірімен ақылдасып шешіп, еліне қамқоршы адал хан болып өмір сүреді.
Есептің жауаптары:
«Мен 4 жылқы, тоқтымын» дегені өзіне төрт мүшел толып және тоқты
деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51.
- 6 үлкен сандық бар, 12 кіші сандық бар, 12*5=60 сандықша бар.
- 60*5=300 алтын теңге жатыр. Сандықшаларды ашу үшін 6+12+60=78 құлыпты ашу керек болады.
- Шешуі: ((х+1)*2)/4)-3=1. х=7
- Бір жылда 360 күн бар: а) 360*3= 1080
Ақшаның алты аласын алды- 1/6 бөлігін алды: ә) 1080:6=180
Бес бересін берді — 1/5 бөлігін береді: б) 180*5 = 900