Home » Мақалалар » Проблемалық жобаның шешімін табу

Проблемалық жобаның шешімін табу

Андирова Венера Темиржановна
 Ақтөбе қаласы
үш тілде оқытатын  №21 орта
мектеп-гимназияның орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
п.ғ.м, ПШО тренері 

Мектеп оқушыларының сапалы, бәсекеге қабілетті, өнегелі тәрбие мен білім беру, оқушылардың мектепте алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Аталған жұмыста білімді дайын күйінде емес, зерттеу жобасының шешімін табу арқылы меңгерту мәселесі сөз етілген, тиімділігі көрсетілген.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында», — деген болатын.

Дүниежүзілік экономикалық форум ХХІ ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің он алты түрін – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT құзыреттілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б. атап өткен.

Мектеп оқушыларының сапалы, бәсекеге қабілетті, өнегелі тәрбие мен білім беру, оқушылардың мектепте алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыру – өзекті мәселе. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында тілдік сабақтарда проблемалық жоба тәсілі енгізілуде.

Тиімділігі — оқушының дамуына қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйретуінде.

Жоба негізінде білім берудің оқушылардың қандай дағдыларын дамытады?

  • ХХІ ғасыр дағдылары;
  • сыни ойлау;
  • проблема шешімін таба білу;
  • бірлесе жұмыс жасай білу, ынтымақтастық;
  • өзін-өзі басқару.

Жоба тақырыптары әр бөлімге әр алуан түрде ұсынылса оқушыларды зеріктірмейді. Әр сабақ барысында жобаның бағыттаушы сұрағын бірлесе айқындап, зерттеу жұмысы жүргізілгені дұрыс. Зерттеу ғаламтордан немесе дайын дереккөздерден көшірілмеуі үшін, оқушыларға жүйелі қолдау жасалып, бағыттау тапсырмаларын ұсыну тиімді болмақ, өйткені аталған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады.  Жобаны көпшілік алдында қорғау арқылы қорытындылады.

Тәжірибеде жоба негізінде білім берудің 7 нақты қадамын қолданамыз:

  • бағыттаушы сұрақ;
  • түпкілікті зерттеу;
  • өмірмен байланыс;
  • таңдау еркіндігі;
  • өзін-өзі бағалау;
  • кері байланыс;
  • көпшілік алдында қорғау.

Оқушы зерттеуінің нәтижелілігін арттыратын инновациялық педагогикалық технологиялар:

  • білім берудің белсенді технологиялары;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • «Kahoot» интернет қосымшасы;
  • «Google-форма» қосымшасы;
  • «ZipGrade» қосымшасы;
  • «Plickers» қосымшасы.

Өткен айда бастау алған қашықтан оқыту жүйесінде оқушылардың өз бетінше жұмысын ынталандыру үшін осы ресурстар оңтайлы қолданылды. Жобалау тәсілі заманауи оқыту талаптарына сай «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы жүзеге асырады:

  • оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға ынталандыру;
  • оқушыларды диагностикалық зерттеу арқылы олардың тілді меңгеруіндегі кедергілерді анықтап, сапалы білім алуға деген ұмтылыстарын өзгерту;
  • оқушылардың нені және қалай оқу керектігі туралы түсінігін өзгерту;
  • балалардың өздерінің білім мен идеялар құруына бағыт беру;
  • оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру арқылы өздерін-өздері реттей білуін қалыптастыру, талантты, дарынды балалармен жұмысты шебер ұйымдастыра білу;
  • оқушылардың ақпараттарға сыни көзбен қарап, өңдей білуін, қолдана білуін қалыптастыру.

Оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы презентация жасайды, салыстырады, бағалайды, жетілдіреді, зерттейді және бірлесе отырып пікірлерін дәлелдейді; интернет ресурстарымен жұмыс жасай біледі; электрондық оқу құралдары, электрондық тестілеу пайдаланады.

Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қорыта айтқанда, проблемалық жобаның мәні — баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталғандығында.

Анықтамалық әдебиеттер:

  1. Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» А, 2005ж.
  2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы: 1978. – 110 б.
  3. Мадеева И.А., Насығазы Б.Қ., Салтыбаева Ж.Б. Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңарту негізі. Педагогикалық диалог. 1 (15) 2016. 222 бет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.