Шуренова Гульмира Дандибаевна
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Зерек бол!
Мақсаты: Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
Өтілген материалдар бойынша оқушылар білімдерін тексеру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өй-өрісін ламыту.
Түрі: біріктірілген сыныптармен топтық сайыс
Көрнекілік: Презентация, тарату материалдары, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Қош келдіңдер әріптестер, есеп сүйер жас тарландарым, бүгін сіздермен математика сабағынан өтілген материалдар бойынша білімдеріңізді сынға салатын «Зерек бол» сайысын өткізбекпіз. Сайысқа қатысушылар 2а, ғ сыныптары. Осы сайысымызға төрелік ететін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Жүргізуші: Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.
Қиыны мен қатар тұрар қызығы,
Математика – патшасы сан ғылымның.- дей келе математиканың сырын Жағымды көңіл күй туғызудан бастайық. Мынау әріптер не айтар екен?
«Математиканың сөздіктері» Көрсетілген әріпке қарап, сол дыбыстан математикалық термин айту
А – азайту, азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні, ауыстырымдылық қасиет;
Б — бұрыш, бөлу, бүтін, бөлшек
Ж — жақша, жазық фигура
Д – дөңгелек, доға
К- кесінді, көбейту
Қ- қосу, қосылғыш, қосындының мәні
Р- ребус, реті, ромб
С- сызық, сынық, сызғыш, салыстыру, сәуле
Т- теңдеу, теңдік, теңсіздік, тура теңдік, түзу, түбір, терімділік қасиет
Ш-шарты, шешуі, шеңбер, шешу
Жүргізуші: Жарайсыңдар ендеше сіздерге теңдеу беремін. Сол теңдеудің бірдей түбірлері арқылы топқа бөлінеміз
І топ: түбірі 28 болатын
ІІ топ: түбірінің ондығы әртүрлі, бірлігі 4 болатын
Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында дей отырып сайысымыздың шартымен танысайық
- Бәйге
- Ұшқыр ой
- Таптырмас түйін
- Жорға
Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Сұрақтардың нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біздің сайыскерлерімізді алғашқы «Бәйге» айналымындағы сұрақ — жауаптарға береміз. Назарларымызды экранға бұрып ұяшық таңдап сұрақтарға жауаптың ұпайларын өзімізге еншілейік
- 100 асықтың 30 — ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады - Аулада 60 үйрек ,
Қорада 20 үйрек.
- йрек тығылды,
- йрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
- Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?
- 6 аламаның 2 — ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? - Ең үлкен екі таңбалы сан?
- 6 ондық 9 бірлік қандай сан?
- Екі қойдың неше аяғы бар?
- 1центнер мақта ауыр ма?
1 центнер темір ауыр ма?
- Мен бір сан ойладым, егер одан 20- ны азайтсақ, нәтижесі 50 болады
- Айшаның бойы 15дм, ал Сәлиманың бойы одан 1дм биік.Сәлиманың бойы қанша?
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма,
Айтшы сонда
Болады неше алма?
Жүргізуші: Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика – ақыл-ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр. Ендеше «Ұшқыр ой» айналымына кезек берейік.
- Кестедегі сандар қатарын зерттеп, оларды салыстыр. Артық қатарды көрсет
- 14+13, 24+13, …………….. 74+13
60-30+10, 70-40+20, ………………. 90-60+40
50+30-10, 60+40-20, ………………. 80+50-40
26-17, 36-17, ………………96-17
Жүргізуші: Математика, математика қандай қиын
Ойламасаң шешілмейді ешбір түйін
Амалдардың тек қана көмегімен
Орындалар сансыз көп байлам түйін- дей келе «Таптырмас түйін» айдарына кезек береміз
Жүргізуші: Болашақ білім — ғылым тұтқасында,
Есіне мұны әркім ұстасында
Заманның компьютердей кезеңінде
Математика тағы тұр көшбасында дей келе келесі «Жорға» айдарына кезек беріп жұмбақ есептерімізді шешейік
- Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? - Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер Қанатқа,
Біреуін бер Саматқа,
Өзің алда біреуін,
Шатастырмай ал сана,
Сонда қалмақ неше алма?
- Адам тамақ істерде ең бірінші қазанға не салады?
- Қасқыр мен түлкі олжаларына түскен 1 себет балықты бөліп жемекші болды. Есепті нашар білетін қасқыр ол балықтарды бөле алмаған соң, түлкіге бөлуді тапсырды. Сонда түлкі былай бөлді:
1-еуі саған, 2-еуі маған,
3-еуі саған, 4-еуі маған,
5-еуі саған, 6-ауы маған,
7-еуі саған, 8-і маған,
9-ы саған, 10-ы маған.
Қасқырда неше балық болды? Түлкіде неше балық болды? - Әлихан сыныпқа қуана кіріп, ертеңгі мереке күніне 1 күн демалатындарын 8 оқушыға сыбырлап айтты. Ал олардың әрқайсысы бір-бір оқушыға, олардың әрқайсысы екі-екі оқушыға жеткізді. Сонда сыныптағы барлық оқушы қуана шуласты. Сыныпта барлығы қанша оқушы болғаны?
- Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп: «Мына бөшкенің ішінде не бар?» — деп сұрады. Немересі үңіле қарап:
— Еш нәрсе жоқ, бос қой, — дейді.
— Жоқ, балам, қателесесің, анықтап қарашы, ең керекті зат бар, — деді.
Атасы нені айтып тұр? Ол қандай керекті зат? - Отбасында 7 ағайынды ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Отбасында барлығы неше бала бар?
- Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
Жүргізуші: Ашып тастап кең сарайын сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтан да сырын біл бұл ғылымның.