Рысқұлбек Аруна Болатқызы
Алматы қаласы Бостандық ауданы
№40 жалпы білім беретін мектеп
мұғалімі
Көңілден шыққан «Көңілді мәре»
№40 жалпы білім беретін мектепте 07.02.2024 күні «Көңілді мәре» атты ұстаздар арасында эстафеталық спорттық сайыс өтті. Сайыс шарты бойынша 9 кезеңнен құралды. 1. Таныстыру. 2. Кім жылдам? 3. Мерген 4.Хоккей 5.Самокат 6. Тунель 7.Су тасу 8. Мен мықтымын 9. Қайраттылар.
Сайысқа мектеп ұстаздарынан құралған 4 командада 8 ойыншыдан қатысып бақтарын сынады. Сайыс әділ өтуі үшін арнайы мектеп әкімшілігінен құралған 4 ұстаз қазылық етті.
Сайыс қатысушыларын нақтылап айтар болсам ақ киім киген «Жалын» тобы, қара киім киген «Найзағай» тобы, қызыл киім киген «Сұңқар» тобы және сары киім киген «Самғау» тобы.
1-кезең бойынша Таныстыруға қатысушы топтар ерекше дайындықпен келген. Яғни әр топ арнайы белгілері мен топтың аты бейнленген белгілер жабыстырып, топтың ұранын ерекше етіп айтып, белсенділік танытты.
- Кім жылдам? 3. Мерген 4.Хоккей 5.Самокат 6. Тунель 7.Су тасу сайсытарында әр топтың ұйымшылдығы мен ұтқырлығы, жылдамдығы сынға түсті. Тартысты сайыста барынша жеңісті қолдан бермес үшін топ мүшелері барын салды. Жеңіліп барамыз деп көңілін түсірмей, бір-біріне демеу болып, түрлі кедергілерден сітті өтіп, арнайы берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты.
- Мен мықтымын атты капитандар сайысы өте қызықты өтті. Барлық жауапкершілік капитандарда болғандықтан барынша жеңісті қолдан бермеуге тырысты.
- Қайраттылар сайысында топтар арқан тартып жарысты. Нағыз күштің сыналған шағы осы сайыс болды десем қателеспеспін. Топ болып, бірлікте жұмыс жасаған сайыс осы болды. Бір қызығы тек қыздардан құралған «Найзағай» тобы осы сайыста алдынғы қатардан көрінді.
Ұстаздар тек жарысқа қатысып ғана қоймай, арнайы жүлдені алуға деген мақсаты болсын деген ниетпен, мектеп ұстаздарынан демеушілер де табылды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені – «Найзағай» тобы алып 20000 мың
1– орын «Самғау» тобы 10000 мың
2– орын «Сұңқар» тобы 10000 мың
3- орын «Жалын» тобы 5000 мың иеленді
Тек оқушыларын білім нәрімен сусындатып ғана қоймай, қоғамдық шараға қатысып, сергісін деп дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Алғадаев Қайрат ағай мен Смакова Айнара апайдың бастауымен, ұстаздар үшін ұйымдастырылған «Сергіту сәті» өте қызықты әрі тартысты өтті. Жас айырмашылығына қарамай сайысқа қатысқан барша ұстаздарға сәттілік тілей отыра, жиі қоғамдық іс-шараларда бой көрсетіп, белсенді болуға шақырамыз! Көңілден шыққан «Көңілді мәре» үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Керемет құтты болсын!!