Home » Ашық сабақтар » «Н» МЕН  «Ң» дыбыстарына арналған жаттығулар

«Н» МЕН  «Ң» дыбыстарына арналған жаттығулар

Адырбаева Гулим Айткожановна
Ақмола облысы
Жақсы ауданы
«Ишимское орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сауаттылықты тексеру
Н дауыссыз дыбысына арналған тестік бақылау жұмысы
Қай сөз дұрыс жазылған?
А) аспаң
В) қаңжар
С) іңір
Қате жазылған сөз тіркесін белгіле.
А) айнаға қарау
В) ормаңға бару
С) өнерпаз болу
Н дауыссыз дыбысын айту керзіндегі тілдің қызметі
А) тіске тілдің ұшы тимейді
В) тіл артқа тартылады
С) тілдің ұшы тіске тиеді
Дауыссыздардың жасалу орнына қарай Н дауыссыз дыбысы
А) тіл арты дауыссыздардына
В) тіл ұшы дауыссыздарына
С) тіл ортасы дауыссыздарына
Қай сөйлемде Н дауыссызы қате жазылған?
А) Бүгін қар жауады.
В) Дүкеңңең Айңаш аңам ңаң сатып әкелдініз бе?
С) Мұғалімнің берген тапсырмасын орындадық.
Қай сөз тіркесінде Н дыбысы дұрыс жазылған?
А) нанға бару
В) айңаға қарау
С) қауың жеу
Н дауыссыз дыбысы өзінен кейінгі көрші п,б,м еріндіктердің әсерінен қалай айтылады?
А) м болып айтылады ( жанбады-жамбады )
В) н болып айтылады ( жанбады-жаңбады )
С) н болып айтылады ( жанбады)
Н дауыссыз дыбыс өзінен кейінгі қ,к,ғ,г дыбыстарының әсерінен қалай айтылады?
А) ң болып айтылады (сәңқой)
В) н болып айтылады (сәнқой )
Ауаның шығу жолына қарай Н дауыссызы қандай үнділер деп аталады?
А) тіл алды
В) мұрын жолды үнділер
Қай сөзде Н дауыссыз дыбысы дұрыс жазылған?
А) Астаңа
В) Алтың
С )Талдықорған
Ң дауыссыз дыбысына арналған тестік бақылау жұмысы.
Ілік септігінің жалғаулары Н дыбысына ма, әлде Ң дыбысына аяқтала ма?
А) Н дыбысына аяқталады ( баланын)
В) Ң дыбысына аяқталады ( баланың)
Ң әрпі сөздің басында жазыла ма?
А) жазылады
В) еш уақытта жазылмайды.
Дауыссыздардың жасалу жолына қарай Ң дауыссыз дыбысы
А) тіл арты дауыссыздарына
В) тіл ұшы дауыссыздарына
С) тіл ортасы дауыссыздарына
Қай сөзде Ң әрпі жазылу керек?
А) оқушымын
В) оқушысын
С) баласымын
Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) ақпаң
В) қоңырау
С) қаңжар
Қай сөйлемнің ішінде Ң дауыссыз дыбыстары қате жазылған?
А) Менің атам майданда болған.
В) Каникулда Астанаға бардым.
С) Айжаң естігең жаңалығың айтты.
Қай сөз тіркесінде Ң дұрыс жазылған?
А) Аңыз айту
В) Жана көйлек
С) Арзаң алма
Ң дауыссыз дыбысын айту кезіндегі тілдің қызметі.
А) тілдің ұшы төменгі тіске тіреледі.
В) тілдің арт жағы жұмсақ таңдаймен жымдасады да, тез ажырайды, ауа мұрын жолы арқылы шығады.
С) тілдің алды(ұшы) күрек тіске( не қызыл иекке) нық тиіп тез ажырауынан жасалады.
Ауаның шығу жолына қарай Н, Ң қандай жолды үнділер деп аталады?
А) тіл арты
В) мұрын жолды үнділер
10 Қай сөзде Ң дауыссыз дыбысы дұрыс жазылмаған?
А) саңырау
В) шың
С) танертен
Ойлау қабілеттерін арттыру
Сөзжұмбақ №1

  1. Өте биік және түзу өсетін ағаш.
  2. Қазақстанның астанасы.
  3. Алғашқы қардағы аңшылық
  4. Жеміс ағашы.
  5. Семсер түрі.
  6. Орыстың ұлы ақыны.
  7. Батырдың қаруы

Сөзжұмбақ  «Ң»
Малға салынатын белгі.
Марқаның қырқылмаған сапалы терісі.
Ұршықтың басы.
Биік құз.
Қазақстандағы ғарыш орталығы.
Жылқы түсі.
Құлағы естімейтін адам.
Естіген жаңа хабар.
Киіз үйдің бөлігі.

  1. Ұмытшақ адамның синонимі.
  2. Қылмыстың соңына түсіп, аңдушы адам.
  3. Анатомиялық атау.
  4. Қыс айының атауы.
  5. Кеш мезгілі сөзінің антонимі.

Графикалық диктант. 1-тапсырма
Берілген сызбаны Қазақстанның қалаларының атымен толтыр.
2-тапсырма.
Берілген сызбаны Батырлар жырындағы батырлардың есімімен толтыр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.