Умирбаева Арайлым Талгамбаевна
Талдықорған қаласы
№7 ясли –бақшасының тәрбиешісі
Тобы: «Көбелек»
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, таным.
Білім көзі: Айнала қоршаған орта, көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту, математика, шығармашылық.
Тақырыбы: « Күзгі орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды шаршымен таныстыру арқылы ертегілер кейіпкер- лерімен диалогтық қарым -қатынасқа түсіп олардың берген тапсырмаларын орындай білуге үйрету.
Балалардың ой өрісін, сана- сезімін, тілін,сұраққа толық жауап беруін, сөздік қорын, зейінін дамыту. Табиғатты қорғауға,еңбекқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Ертегілер айту,кейіпкерлер туралы әндерді айтып үйреніу, түстерді,пішіндер туралы ойындар ойнау.
Күтілетін нәтиже.
Білуі тиіс: Ертегілерді еске түсіре отырып түстер, пішіндер, көлем жайлы жайлы білімдерін өз тілімен жеткізе білуі тиіс.
Үйренуі тиіс: Түстерді ажырату,сұраққа толық жауап беру, кейіпкер жайлы айтуды, геметриялық пішіндерден үй салуды.
Көрнекіліктер: Шаршы пішінді бауырсақ, ағаштар, қоян, қасқыр, аю, түлкі, геометриялық тішіндер, суреттер, екі қап.
Сабақтың барысы
Балалар келген қонақтар мен сәлемдесулері.
Педагог бүгін қызықты ойындар дайындап қойғанын хабарлайды.
Балалардан қандай ертегі білетінін сұрайды.
Балалар жауабынан кейін бір жұмбақ жасырады:
Пішіні домалақ ,түсі сары,өзі жұмсақ, тәтті өзі орманға қарай домалап кетеді де қоянмен,қасқырмен,аюмен,түлкімен кездеседі – деп ол қандай кейіпкер деп сұрайды. (балалар «Бауырсақ» дейді) Дұрыс айтасыңдар ал ертегілер елінде домаламайтын шаршыға ұқсайтын бауырсақ бар екен, бүгін кездесейік сол бауырсақпен деп музыкамен бірінің артынан бірі жүріп кетеді.
Педагог тоқтайды ол домаламайтын болса бір жерде тығылып жатқан шығар,неге домаламайды, қалай табамыз? Балалардан тағы да басқа сұрақтарға жауап алады.
Балалармен бірге іздеп тауып зертеу сұрақтарын қояды. Не себептен домаламайтынын түсіндіреді де себеттегі пішіндерді көрсетіп сұрақ жауап алады.
Ой, балалар бауырсақ бізбен бірге серуендегісі келіп тұр екен қане бірге алып алайық- деп әрі қарай жылжиды .
Педагог бұтақтардың арасынан бір ұзын құлақ көріп тұрғанын айтады . кімнің құлағы ұзын? ( балалар қоянның) Әрине қане амандасайық қорқақ қоянмен (амандасады қоян шаршыға ұқсайтын бауырсақты көріп таң қалады) сөйлеседі де балалардың қоян туралы әндерін тыңдайды.
Ұзын қоян сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы -қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қыйығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Қоян рахмет айтып өзінің көжектеріне асығып бара жатқанын айтады. Қоштасады. (Музыка бірінің артынан бірі жүру)
Енді алдарынан қасқыр шығады өзінің қызыл телпекке бара жатып адасып кеткенін айтады, қай жолмен жүрем жалпақ жол ма, әлде жіңішке жолма? Балалар жолдарды анықтап айтып береді
Қасқырмен сергіту сәтін жасайды «Қане менімен бірге жасап көрсет»
Биік ағаш, аласа бұтақтар, жалпақ жол , жіңішке жол.
Қасқырда рахметін айтып енді жолдардың жалпақ жіңішке болатынын біліп алғанын айтып қоштасып шығып кетеді.
Енді алдарынан аю шығады амандасып бауырсаққа көңіл аударып сөйлеседі.Орманда үй тұрғыза алмай жатқанын күн бола суытып бара жатқанын айтады . балалар көмектесетінін хабарлайды, тез арада үйтұрғызып аю мен қоштасып әрі қарай жүріп кетеді
Алдарынан Түлкі бикеш шығады ол осы орманды тазалап жүргенін хабарлап кенеттен бауырсаққа көңіл аударып ой қандай әдемісің жеп қояйынба балалар?
Балалар: жоқ бұл бауырсақ сендермен танысуға дос болуға келді – деп айтады. Қане біз саған көмектесіп жіберейік деп қоқыстарды жинайды. Қызыл қапқа қағаздан жасалған, көк қапқа бутылкаларды салады.
Түлкі рахмет айтып сендерден қоқыстарда бөліп жинауға үйреніп алғанын енді барлықтарына үйретемін дейді.
Педагог енді сағатқа қарайық балалар қайтатын уақыт болды. Сендерге серуен ұнады ма? Біз кімен бірінші кездестік? Екінші кімен кездестік? Қояннан кейін алдымыздан кім шықты? Қасқырдан кейінше? Аюдан кейін?
(Балалардың жауаптары)
Педагог: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Кімге оқу қызметі ұнады қызыл алманы, ал кімге орташа түсінді сары алманы, кім түсінбей қалды сол бала жасыл алманы алып ағашқа ілеміз