Home » Мақалалар » «Ойнайық та ойлайық!» 1-10 ға дейінгі сандарды қайталау.

«Ойнайық та ойлайық!» 1-10 ға дейінгі сандарды қайталау.

 Утеулиева Айгерим Муханқызы
Талдықорған қаласы
№7 ясли –бақшасының тәрбиешісі

Тобы: Балдырған

Білім беру саласы: Таным,Қатынас

Білім бөлімі: ҚМҰҚ,сөйледі дамыту.

Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық!» 1-10 ға дейінгі сандарды қайталау.

Мақсаты: Балалардың танымдық ,ой өрісін,қиялын дамыту.Көзбен көргенін есінде сақтап ,тіл ,сөз арқылы ойын айтып,шығармашылық еңбек етуге тәрбиелеу.Балалардың қоршаған орта туралы ,табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: ойын оқу іс-әрекеті

Билингвистикалық компоненттер:1-10 дейін орыс тілінде айту

Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын, ой қозғау

Көрнекілік: 1-10 сандар,шар,таяқша,сурет,барабан,

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: Сандарды тура және кері санау керек екендігін

Біледі: Сандардың реттік нөмерін

Меңгереді: сандардың жазылу түрлерін

Ұйымдастырушы қозғаушы қызымет түрі:

Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті қонақтармен амандасайық.

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басығой

Ал қанекей бәріміз «Сәлем» дейік үлкенге. Сәлеметсіздерме апайлар!

Жарайсыңдар.Орындарыңа отырыңдар.

-Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған ашық оқу іс-қызметіміз  жарыс түрінде болады. Ендеше мен екі топтың балалаларын таныстырып өтейін.

1 топ — «Балдырған»

2-топ — «Ботақан»

Мен сендерге бүгін тапсырмалар  алып келдім,егерде сол тапсырмаларымды орындасаңдар жеңген топты анықтаймыз.

1- тапсырма: \ ойын түрінде\  » Қай сөз артық?»

Ойын шарты: Мен сендерге үш сөзді айтамын соның ішіндегі бір сөз артық,соны табу керексіңдер.

  1. Қар, жаңбыр,өзен. Қайсысы артық?
  2. Нан,сүт,шырын.
    3. волейбол,футбол,би.
  3. автобус,трамвай,ұшақ

Енді тақтаға қарайық? не көріп тұрмыз?

Осы сандарды тура және кері санаймыз,дайынбыз ба?

1 ші болып тура санауды «Ботақан » тобы бастайды.

2 ші болып кері санауды «Балдырған» тобы бастайды.

1-ші тапсырма бойынша қорытынды жасау.

 — Енді балалар менің екінші тапсырмам бар,сол тапсырмамен танысыңдар.

2-ші тапсырма: «Тыңдап алып ,қай сан екенін көрсет»

Шарты: Бұл жерде мен барабанды неше рет ұрғанымды алдыларыңдағы сандар арқылы көрсетулерің керек.

Екі топқа бірдей ойнатылады. \4 рет ойнап қорытынды жасау,мақтау \

3 ші тапсырма:

Триз технологиясы : Жұлдыз құрт ойыны

ш\ы:  берілген суреттерді санап алып,сәйкес сандарды қою.

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.

Шынығып алсаңдар енді келесі тапсырмамызды  орындайық..

4 –тапсырма.  

Д\о: «Сандарды ретімен қойып,шыққан суретті атау» \сурет\

Шарты: Тәрбиеші балаларға кесілген сандары бар суреттерді береді ,ретімен қойылған суреттен сандар шығады.

5-тапрсырма: «Пальма ағашы» ,» Түстеріне сай қой»

Мақсаты: Тәрбиеші балалардан түстерді сұрайды,сондай түсті суретті тауып беру.

-Жарайсыңдар. Екі топтың да балалары мықты,тапқыр алғыр екен.

 6- тапсырма:

Триз технологиясы : «Пішінге толы үй»

ш\ы: Пішіндердің бұрыштарын санап,соған сай санды қою.

7- тапсырма:

Д\о:  «Епті қолдар»

м\ы: Берілген суретке қарап,таяқшалардан құрастыру.

\мақтап мадақтау\

8-тапсырма:

Триз технологиясы:  «Байланысын тап»

ш\ы: әр жылына сай суреттерді тауып қою

Рефлекция-түзетушілік:

Бүгінгі оқу қызметімізде не істедіңдер?

Сендерге ұнадыма?

Қандай тапсырмалар ұнады?

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.