Талдықорған қаласы «№7ясли-бақшасы»
Атманова Эльмира Ықыласқызы
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018жылғы 5- қазандағы жолдауындағы «ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» бөлімінде Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару керектігін айтқан.
Сол себепті, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде STEАM – білім берудің маңызы зор. Бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін бірдей бағытта STEАM – білім беруді ілгерілетуіміз қажет. «STEM» аббревиатурасын алғаш рет АҚШ бактериологы Р.Колвэлл 1990 жылдары ұсынды. Бірақ, бұл ұғым тек 2000 жылдарда ғана белсенді қолданыла бастады. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) және STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия және математика) болды. Қазіргі уақытта, STEM білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады.
STEAM білім беру жүйесі балалардың танымдық зияткерлік қабілетін дамыта отырып, ғылыми техникалық шығармашылыққа бағыттайды.
STEAM оқытудың біріктірілген тәсілі, ол 6 білім беру модулінен тұрады.
1.Ф.Фребель сыйы жиынтығы;
2.Эксперимент;
3.Робототехника;
4.Lego конструктор;
5.Математика;
6.Мультстудия
Ф.Фребель сыйы жиынтығында балалар қарапайым заттардан тәжірибе жасап үйренеді, танымдық қабілеттері артады, қабылдау, ойлау, сөйлеу, зейін, есте сақтауды дамытады. Сенсорлық дағдылары дамиды.
Эксперимент білім беру модулінде тірі және өлі табиғатты зерттеу арқылы табиғат құбылыстары жөнінде қарапайым түсініктері қалыптасады. Экологиялық көзқарастары кеңейеді.Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден тұжырым шығаруға үйренеді.
Робототехника білім беру модулінде робототехникалық құрылымдарды игереді, құрастыру арқылы қозғалыс, қашықтық, температура деген сөздерді ұғынады.Өз беттерінше роботтар жасауға үйренеді.
Lego конструктор білім беру модулінде логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Шығармашылық деңгейі артады.
Математика білім беру модулінде қарапайым математикалық ұғымдарды меңгереді яғни заттарды салыстыру, сипаттау, кеңістікті бағдарлау туралы ұғымдары қалыптасады.
Мультстудия білім беру модулінде таныс ертегілерді кейіптендіру, ертегі құрастыру арқылы шығармашылық қабілеттері артып, сөздік қорлары дамиды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру педагогтың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қалмай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір педагогтың негізгі міндеті.