Home » Мақалалар » Қазақстанның жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Қазақстанның жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты білім алушылардың көбісі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Әрине, бірі үшін бұл оқыту жүйесі тиімді болса, екіншісіне тиімсіз болып саналады. Оны қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып байқауға болады. «Сын түзелмей, мін түзелмес» дегендей, оның кемшіліктерін байқай отырып, білім алушыларға қолайлы жағдай туғызуға болады.

Ең алдымен, қашықтықтан оқыту дегеніміз — адамның білім алуы үшін қолайлы жағдай туғызып,  біліктілігін арттырумен қатар, білім алушы кез-келген жерден білім алуға деген мүмкіндігін көтеруге көмектеседі. Студенттер үшін қашықтықтан оқыту виртуальды өзара іс-қимыл форматында ұйымдастырылуда. Виртуальды өзара іс-қимыл синхрондық және асинхрондық болып екі түрде ұйымдастырыла алады.

Синхронды оқыту форматы – бір уақытта оқумен айналысатын білім алушылар тобын қамтиды. Оқытудың бұл түрінде білім алушы мен оқытушы бір уақытта бір жерде болады. Мысалы, бізге синхронды білім беру кезінде оқытушылармен ZOOM және Microsoft Teams оқыту платформалары көмегімен онлайн сабақтар өткізілуде. Онлайн дәріс оқытушылардың да, студенттердің де жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Шәкірттер қашықтықтан дәріс алу барысында бұдан бұрынғы сабақ кестесі бойынша оқуды жалғастыра береді, тек айырмашылығы – сабақтардың онлайн режимде жүргізілуі.

Ал асинхронды оқыту форматы дегеніміз – қажетті онлайн ресурстармен өздігінен оқуға негізделген білім алушыға бағытталған оқытуды қамтиды. Мысалы, асихронды білім беру кезінде бізге берілген семинар тапсырмаларын онлайн-ресурстармен көмегімен орындап, MOODLE және Univer.kaznu.kz сайтының дистанционды курстар порталына тіркейміз. Синхронды және асихронды оқыту  — қашықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары болып табылады.   Қашықтықтан оқытуды енгізудің бастапқы кезеңінде оқытушылардың жүктемесі айтарлықтай өскендігі байқалады. Оқытушылар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» аудиторияны біліктілігімен, іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс болды. Студент топтарын қашықтықтан онлайн-режимде басқару, ұйымдастыру шеберлігі, қызықты, сандық мазмұнды жобаларды дайындап, білім алушылардың білімін объективті бағалау, студенттердің үлгерімін талдау және есептілікті уақытында қалыптастыру – бұлардың бәрі оқытушыларға үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер болып саналады.

Білім алушылар үшін қашықтықтан оқудың өзіндік ерекшеліктері бар. Соның бірі  — әлемдік университтердің онлайн курсына қатыса алуымыз болып табылады. Атап айтатын болсақ, Coursera деп аталатын ақылы жоба білім алушы студенттер мен мектеп, жоғары оқу орнының оқытушыларына және ғылымға қызығушылығы бар адамдар үшін өзекті болып табылады. Бұл жоба арқылы мобильді оқуға, академиялық және техникалық көмек алуға, тәжірибе жинақтауға және сертификат алуға мүмкіндік береді. Әлемдік деңгейдегі университтер мен білікті оқытушылардың курстарына қатысуымыз – біз үшін үлкен мүмкіндік. Қазақ Ұлттық Университеті тарапынан білім алушы жастар мен оқытушылар үшін курстарды қарастырып, тегін түрде оқуға мүмкіндік береді.  Бұл – қазіргі таңда онлайн түрде білім алып жатқан жастар үшін шетел оқытушыларының дәрістерін тыңдауға және ағылшын тілін де меңгеру үшін үлкен көмек көрсетеді.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқутушылар мен студенттер оқу сапасына, әрине, әсер ететін үлкен проблемаларға тап болды. Негізгі проблемаларды айта кетсек.

1-мәселе: Мұғаліммен жеке қарым-қатынастың болмауы. Енді кез-келген ыңғайлы уақытта мұғалімді табу мүмкін емес, ол сізге түсініксіз тақырыпты түсіндіреді, сабақтан тыс уақытта сынақ қояды немесе үйде тексереді. Барлық қарым-қатынас қатаң реттелген уақытта болады және орындалу уақытына әсер ету мүмкін емес. Қате орындалған тапсырма мен қойылып қойған бағаны ешкім өзгерте алмайды. Бұл мәселенің шешімі: студент өзін тәртіпке және күрделі тұстарды қағазға түсіріп жазып алуға үйрету керек. Содан кейін, сабақ барысында өзіне қызықтыратын сұрақтарын қойып алып, ештеңені жіберіп алмауға тырысуы керек.

2-мәселе: Қашықтықтан оқыту кезіндегі техникалық проблемалар. Білім беру жүйесі оқытушының лекция өткізу үшін желідегі жүздеген студентпен байланысы мәселесін бірден шеше алмайды. Ал егер біреуі естімесе, екіншісі көрмесе ше? Университеттерде әлі жасай алмайтын техникалық құралдар мен бағдарламалардың жұмысын автоматтандыру керек. Интернеттің жылдамдығы мен үзіліссіз жұмыс істеуі, яғни істемеуі — мемлекет деңгейінде шешімін таба алмай отырған өте өзекті де өткір проблема болып отыр.

3-мәселе: Студент өз жетістіктерін курстастарының жетістіктерімен салыстыра алмайды Бұл бағалар туралы емес, сабақтарда жұмыс істеу туралы. Тақтадағы жауап, семинарларда жұмыс істеу дағдылары, конференцияда сөйлеу және басқалар – мұның бәрі студенттің дағдыларын, айналасындағы адамдардың дағдыларын бағалауға және соңында жетілуге ұмтылуға мүмкіндік беретін еді, енді қашықтықтан оқыту жағдайында ондай мүмкіндіктер шектеліп қалды. Бірақ, бұл мәселенің өз артықщылықтары бар. Енді студент өзін басқаларға қарамай еркін және объективті бағалай алады. Алайда, өсетін көрсеткіштер жоқ. Ол үшін мұғалімнен әрі қарай дами алатын критерийлер тізімін жасауды сұрай алады. Немесе жалпы сөйлесу барысында курстастарынан өзін батыл сынға алуын сұрай алады. Мұғаліммен кері байланыстың барлық мүмкін жолдарын және онымен байланыс ережелерін сақтаса, міндетті түрде прогресс еселене түседі .

Мақаланы қорыта келе, қашықтықтан оқыту — белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен білім алушы бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады. Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алудың перспективті тәсілі болып табылады. Қашықтықтан білім берудің тиімді жүйесін жасау халықтың басым бөлігі үшін сапалы білімге қол жетімділікті арттырады, мүмкіншілігі шектеулі адамдар үшін білім алу проблемасын шешуге және күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алу мүмкіншілігі жоқ аймақтар халқын анағұрлым толық қамтуға көмектеседі. Қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылатын оқу үдерісі құрамына міндетті аудиторлық сабақтар мен студенттердің өздік жұмысы кіреді. Виртуалды сабақтар кезінде студенттер кейстің мазмұнымен танысады, практикалық тапсырмалар мен өздік жұмысының тапсырмаларын олындай алады. Бір сөзбен айтқанда, қашықтықтан оқыту аудио, видеотехниканы, ғаламтор және спутникті байланыс каналдарын қолданатын оқыту әдісі болып табылады.

Қашықтақтан оқыту түрі біршама қолайлы екені сөзсіз. Атап айтатын болсақ,

  • психологиялық жайлылық, өз компьютеріңіздің алдында үйреншікті жайда оқу;
  • оқытудың арнайы мерзімдері мен шапшаңдығы;
  • дербестіктің жоғары үлесі;
  • территориялық және уақыт шектеуін жеңу.

Ақпаратты технологиялардың интенсивті дамуына, әсіресе, интернет-технологиялардың дамуына байланысты қашықтықтан оқытуды дамыту проблемасы ерекше маңыздылықта алады. Қазіргі кезде әлемде болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту таптырмас оқу әдісі екені сөзсіз. Арамызда жатқан арақашықтық әсер етпестен білім алуды жалғастырып жатырмыз.  

7М01501-«Физика» мамандығының 2-курс магистрантары
Егенова Б., Төкен Н., Парзиева М., Акперов Н.
және куратор-эдвайзері Туреханова К.М.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.