Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейі
директордың оқу-ісі жөніндегіорынбасары
Апуова С.Н.
Қазіргі жаһандық пандемия жағдайында білім саласы үлкен, жауапты назар аударуды талап етеді. Былтырғы оқу жылын білім беру мекемелері қашықтық форматында аяқтады.
2020-2021 оқу жылына ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов бастауыш буынға кезекші сыныптарында оқуға рұқсат берді. Ал,екінші тоқсаннан бастап бұл қатарға бесінші сынып оқушылары да қосылды. Дәстүрлі оқыту флатформасы сағынған ұстаздар мен оқушылар үшін бұл үлкен қуантарлық жағдай болды. Дегенмен, COVID-19 індетіне қарсы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн білім беруде мектеп әкімшілігі мен қызметкерлеріне бұрынғыдан да екі есе ынталы жұмыс жүргізуі қажет. Бұл айтылып отырған жағыдай кезекші сыныптарға қойылатын қатаң талаптар нәтижесінен шығып отыр. Сонымен қатар, бесінші сыныптың оқушыларымен жүргізілетін білім беру жұмысы мен психологиялық жұмыстардың жүргізілуіне назар аударуымыз керек. Себебі, 5 сынып оқушылары былтырғы оқу жылында, карантин кезінде, бастауыш сыныптарын онлайн аяқтады. Бастауыш сыныппен енді ғана қоштасқан оқушы орта буынға өткенде, ең алдымен, адаптациялық кезеңнен өтетінін ескеруіміз керек екендігі белгілі.
Онлайн оқыту кезеңі басталғаннан бері,мектеп ұстаздары бірқатар тиісті курстардан өтті. Қашықтан оқытуды қаншалықты жақсы меңгерді дегеніңмен, оқушы да, ұстаз да дәстүрлі білім беру процесін сағынады. Себебі, мектеп қабырғасында дәстүрлі формада оқыту – оқытудың ең тиімді түрі екендігі белгілі. Білім беру дегеніміз – оқушыға ғылыми ақпаратты жеткізу ғана емес. Білім берудегі басты нәрсе – оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс.
Эпидемиологиялық жағдайдың өршіп кетуіне байланысты білім беру формасының қашықтық мазмұнға ауысуы ұстаз бен оқушыны ғана емес үйдегі ата-ананы да алаңдатты. Әсіресе, карантин уақытында қашықтан жұмыс жасап, үйінде отырған ата-аналар, біріншіден, өз жұмысын жасауы керек, сол уақытта баласының да сабағын қадағалауы керек. Үйдегі смартфон, ноутбук, планшет, компьютер құралдары мен сапалы интернет мүмкіндігі бір уақытта үйдің барлық мүшесіне қажет болып қалды. барлығы үйдегі психологиялық атмосфераның бұзылуына алып келеді. Мұнымен қашықтан білім беруді түбегейлі жоққа шығаруымызға болмайды. Жоғарыда келтірілген жағдайдан кейін онлайн оқыту форматының артықшылықтарын табу қиын болатын шығар. Бірақ осы қашықтықтан білім берудің бірқатар артықшылықтары мен тиімді тұстарын атап өтуге болады.
Біріншіден, оқушының кез келген тақырыпты қалаған уақытында қайталап көре алу мүмкіндігі. Түрлі жағдайларға байланысты оқушы өткен тақырыптарды қайталауға мәжбүр болып тұрса, еш қиындықсыз онлайн білім беру платформаларында сақталған сабақтарды қайталап көре алады.
Екіншіден, оқушылар өзара бір-бірімен өздеріне ыңғайлы уақытта онлайн байланысқа шығып, топтық тапсырмалар орындай алады. Бұл, сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне де ең тиімді тұсы. Мектеп ішіндегі жиналыстар, олимпиадалар, ғылыми жоба, түрлі мәдени іс-шаралар да онлайн форматта өткендіктен, біріншіден, уақытты үнемдеуге үлкен септігін тигізеді. Мысалы, мұғалім мен оқушы олимпиада, ғылыми жоба дайындығын өткізу үшін бұрын мектепке арнайы уақыт белгілеп келген болса, қазірде онлайн кез келген уақытта кездесе бере алады.
Үшіншіден, онлайн білім беру платформалары көмегімен интерактив қосымшаларының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақтардың өткізілу сапасын арттыру. Пәннің ерекшеліктеріне байланысты инфографика, схема, видео т.б. бейне материалдарды кеңінен қолдануға болады.
Төртіншіден, баланың білім деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіп тұруға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, BILIM LAND платформасындағы онлайн мектептен оқушылар сабақ мазмұнымен танысып болған соң, түрлі деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзінің балдық және пайыздық жүйедегі деңгейін біліп отыра алады.
Бесіншіден, оқушы үшін ең тиімдігі мүмкіндігі – өзіне ыңғайлы уақытта және қалаған тақырыбында білім алуы. Сонымен қатар, оқушы мен мұғалім арасындағы үздіксіз онлайн қарым-қатынастың болуы.
Қорытындылай келе айтқымыз келетіні қандай жағдай болмасын білім беру процесінде,білім сапасына әсер етуі мүмкін кедергілерге алдын-ала болжам жасап, олардың алдын алу шараларын жүргізу керек. Дәстүрлі оқыту формасындағыдай оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы тығыз байланыс қажеттілігі қандай жоғары болған болса, қазіргі пандемия жағдайында да осы үштік байланысы ерекше қажет деп санаймыз.