Home » Мақалалар » Айтылады ән-жыр, Шона атаға –100 жыл!

Айтылады ән-жыр, Шона атаға –100 жыл!

«Айтылады ән-жыр, Шона атаға – 100 жыл!» Дәл осындай тақыырппен Алматы қаласы, Алмалы ауданы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда бастауыш сынып мұғалімдері Маманова Акерке Айдосқызы мен Молданова Айдана Досжанқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарының арасында ақын сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына арналған әдеби-сазды сайыс  кеші өтті. Кештің басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын  Шона Смаханұлының өмір жолымен, шығармаларымен таныстыру. Шығармалары арқылы адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке баулу.
     

1-сыныптар ақынның  өлеңдері мен  мысалдарының желісі бойынша сурет көрмесін ұйымдастырса, 2,3-сыныптар мысалдары мен шымшыларынан үзінді оқыды.  4- сыныптар мысалдарының желісі бойынша көрініс қойды.  Әділқазы алқалары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері білім алушыларды Бас жүлдемен,1,2,3- орындармен марапаттады.  Сонымен қатар Шона Смаханұлының сөзіне жазылған «Ор теке», «Сүйікті мектебім» әндері шырқалды.

Ақын «Анамның тілі, аяулы үні» атты өлеңін ақын анасына арнаған екен. Өлең анаға, ананың тіліне, ананың үніне деген құрмет пен сүйіспеншілікке толы. Әр тармағы мән мен мағынаға, әуенге толы бұл өлеңді Шона атамыз кезінде өз анасына арнап шығарған болса, қазір ол жастардың орындауында барша анаға, ана тіліне арналып айтылатын әнге айналып отыр. Кештің соңында білім алушылар «Анамның тілі, аяулы үні» әнін хормен шырқады. Кеш соңында гимназияның 9-сынып оқушысы Қадырбай Зере Жақсылыққызы ақынға шығарған арнауын оқыды. Ақын, сатирик, қоғам қайраткері Шона Смаханұлына арналған ән мен жырдың кеші осылай өтті.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы
Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Маманова Акерке Айдосқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.