Алматы облысы,
Талғар ауданы
МЖДШО бар
№17 ЖББ орта мектебі МКМ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Мәди Сапарбайұлы
Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.
Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгіліақ. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» -деген Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де түсінікті.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы бірталай пікірталастар туындай бастап, әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқандығы да жалған емес-ті.
Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшу әлі де екі жақты тартыс пен талас тудырып отырған мәселе болып табылады. Халықаралық деңгейде ойлайтын ойшылдарымыз бен ұлттың нағыз жанашырлары латынға көшуді дәріптесе, кейбір зиялылар қауымы тарихтың бұл үрдісіне әліге дейін қарсы болып келеді (Latyn alipbii – ruhani tauelsizdik // https://massaget.kz).
Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз жөн сияқты. «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде.
Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандардың бар екендігін жасырмаймыз және олардың санда ры да баршылық. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білуіміз қажет сияқты. Қалай ойлайсыздар?
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын ойлап, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи әліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айтылым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек.
Ал тілші-ғалымдардың пікірінше, «Латын алфавитіне көшу – заман талабы» – деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.
Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай-ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып—ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Латын әліпбиіне көшіу – ол, өз әліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп түсінемін.
Әдебиеттер
- «Латын әліпбиі – рухани тәуелсіздік» // https://massaget.kz/mangilik_el/48132/.masseget.kz // 21.02.2016 жыл
- «Латын әліпбиіне көшу қаншалықты маңызды?» Линвистердің пікірлері «Егемен Қазақстан» газеті, 10 тамыз 2016 жыл. //https://www.oinet.kz/news/onir/i6267
- Ғарифолла Есім. «Латынға өткенде қазақша әуезді жоғалтып алмау керек» // «Қазақ әдебиеті» газеті //https://kaz.caravan.kz/news/latyng…gharifolla-esim-197387/
- «Латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды» // «Егемен Қазақстан» порталы, 11.09.2017 жыл. //https://egemen.kz/ article/158164-latyn-alipbiininh-ulgisi-tanystyryldy
- «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» // Орталық Қазақстан. – 18 сентября 2017. //http://ortalyq.kz/2017/09/18/
- «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы қанша?» // «Семей айнасы», 13.05.2017 жыл //https://aikyn.kz/2017/05/13/13222. html.