Home » Ашық сабақтар » Мәтінді есептерді шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту

Мәтінді есептерді шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту


Азатхан Маржангуль
Астана қаласы
К.Ақышев атындағы
№69 мектеп-гимназиясы
математика пәні мұғалімі

Мәтінді есептерді шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту.

 

Жаңа ғасырда еліміз алдыңғы дамыған елдердің қатарында болу үшін білім — басты қару. Сондықтан қазіргі таңда ұстаздардың алдында «білімді ұрпақты қалай оқыту керек?»  деген негізгі мәселе болып отыр. Заманауи оқытудың негізгі ерекшелігі — оқушылардың алған білімдерін жаттанды түрде меңгеріп қана қоймай, оларды өмірде қолдана білуге дағдыландыру керек.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік  Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген.  Функционалдық сауаттылық — тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары. Функционалдық сауаттылық —  білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен тәжірибені тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарылауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Сол себепті математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуды өзекті мәселе етіп қойдым. Осы өзекті мәселені шешу барысында  өзіндік білім көтеру тақырыбым –математика сабағында оқушылардың функционалдық қабілеттерін дамыту.  Әдістемелік тақырыбымды оқыту барысында жүзеге асыру үшін «Функционалдық сауаттылыққа дамытуға бағытталған мәтінді есептер» атты авторлық бағдарлама жасадым.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;
  • Бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;
  • Стандартты емес, логикалық, күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;
  • Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
  • Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;
  • Математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.
  • Шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;
  • Мәселелерді тани білу:әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
  • Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

Белгіленген мақсатқа жету үшін өзімнің сабағымда үнемі мәтінді есептердің шығару алгоритмдерін қарастырамын. Өйткені мәтінді есептер математика тақырыптарының әрқайсысында кездеседі. Әсіресе өмірмен байланысты қолданбалы есептер қарастырылады.  Сондықтан, 9-сыныпта «Прогрессия» тақырыбында өткізілген бір сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.