Садыбекова Молдир Куатовна
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№2 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Елімізде жұқпалы пандемияға байланысты халқымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай режимі (карантин) енгізілді. Бұл вирусты індет барлық әлемді дүрсілкіндірді. Бұл жағдай біздің елдіде айналып өтпеді. Сол себепті, адамдар оқшауланып, тазалық ережелерін қатаң сақтаулары міндеттелді. Төтенше жағдай кезінде елімізде бір қатар шаралар енгізіліп, көптеген ұжымдардың жұмыстары тоқтатылды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты білім ордасынада үлкен қиындықтар туғызды. Ұстаздармен оқушылар бір-бірімен қашықтықтан оқыту жүйесі болды.
Білім министірлігі тарапынан қашықтықтан оқыту жүйелері енгізіліп, түрлі қиындықтардың шешімі табылмай көптеген қиындықтарға тап болғаны бәріне мәлім. Осы жағдайларға байланысты қашықтықтан оқытуды ұстаздар оңай еместігін түсінді. Бастапқы кезде қашықтықтан оқыту ұстаздар мен ата – аналар қатты күйзелісті бастан өткізді. Себебі, оларға әрбір баласын қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз ету оңайға түспеді. Дегенмен, ұстаздармен ата-аналар өзара ерік-күштерін біріктіріп, қашықтан оқытудың қыр сырын жақсы меңгеріп , өздеріне жүктелген жұмытарын үлкен еңбекпенен , жауапкершілікпенен жеңіске жетүде. Дегенмен қашықтықтан оқытудың түрлі қиындықтары сабақ өту барысында байқалады. Алайда ел жұртымыздың амандығы болмаса , мың сан жиған дүние мүлкіңнен не қайыр? Үлкені бар, жасы бар , барлық халық болып, билік пен қоғамды жұмылдырып әлемдік дертке қарсы тұрып жеңуіміз адамшылдықтың ісі деп білемін.