Home » Абай 175 балабақша » Дара Абай

Дара Абай

Абежанова Алма Алимжановна
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№44 «Үркер» балабақшасының әдіскері

Мақсаты:
Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Көрнекіліктер:  Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі.
Жүргізуші Бағдал Майгүл:
    Бүгінгі «Дара-Абай»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.  Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл,кемеңгер. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.
Абай – Ибраһим.
Ортаға Гүлжан Аманжоловна, Гүлжамал Ускеновна шығады.
Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс облысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс облысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.
Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
Әкесі — тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Осы 4 жылдық медреседегі және 3 айлық орыс мектептеріндегі оқуды аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
Әнші Абай
Сахнаға Абай шығады. (Қабыл)
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Хакім Абай.   Ортаға Жусина Айгерім шығады.
«Сегіз аяқ» әнін орындайды.
Абай сазгер.
Құлақтан кіріп, бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең – менше сүй!-деген өлең жолдарын жазған кім?
— Абай Құнанбаев.
Ендігі кезекті әнге берсек.
«Көзімнің қарасы» әні Орынбасар Кенжегүл орындауында қабыл алыңыздар.
Абай – ақын.
— Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарын Абайдың табиғат лирикасынан бастайық. Ортаға Бахыт Жақсылыққызын шақырамыз.
«Қыс». Мұнарбай Ахылия.
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды.
«Жазғытұры». Асемгүл Кенжебековна.
«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
«Күз». Айнұр Мұхамедкаримовна.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
«Ғылым таппай мақтан ба». Жансерік Нұрғайша ортаға шығады.

Абай – ойшыл.
— Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.
Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.  Назира Ермекқызы ортаға шақырылады.
Абай – аудармашы.
— Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Базаргүл Ивановна , Мұрат Ардагүл, Бахыт Зейпешовна, Марал Кенесбаевна, Жанар Айтбаевна ортаға шығады.
Педагогтармен жұмыс.
Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?
( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
  2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
  3. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
  4. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
  5. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
  6. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
  7. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).
    9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)
    10.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).
    «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
    Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
    Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)
    Абай Сазгер
    — Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

Педагогтар «Желсіз түнде жарық ай».
Жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…
Жүргізуші: Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан да, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз!
Парасатты болып туған,  Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра еткен, Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған, Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.