Home » "Абай 175 жыл" - мектептер » АБАЙ – ҒҰЛАМА

АБАЙ – ҒҰЛАМА

 Касимова Гульнара Хамитовна,
Павлодар қалалық
Орталық кітапханасының
қызмет беру бөлімінің меңгерушісі.

«Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз»
Абай Құнанбайұлы.

 

Биылғы жыл атаулы күндер мен мерейтойларға бай жыл. Соның бірі – республика бойынша жыл бойы атап келе жатқан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

Қазіргі таңда оқшаулау тәртібіне байланысты Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапаханалар жүйесі жыл басында бастаған іс-шараларды онлайн түрінде жалғастырып келеді. Қашықтықтан өткен шарамыздың бірі әрі бірегейі – қазақтың бас ақыны, қазақ халқының данышпаны, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар қарқынды бағыт алып, мазмұны да, деңгейі де күннен-күнге жетіліп, дамып, оқырмандар арасында қызығушылыққа ие болып келе жатқаны қуантады.

Қаңтар айының аяғында қаламыздың Орталық кітапханасында  Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан, ақын, ойшыл, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына  арналған «Абай кеші» болып өтті. Абай мұрасы – парасатты патриотизм мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Бұл азаматтарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу екендігінің белгісі және Абайды оқудан, ақын өлеңдерін жаттаудан жалықпай, оған ұмтыла түсетіндігін білдіреді.

Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы бастау алды. Осы эстафетаға еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін атсалысты. Ел азаматтары, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Биыл да Абай жырларын оқу челленджі әлі де өз жалғасын табуда.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымдары ұлы Абайдың өмірі мен әдеби мұраларына дайындаған шығармашылық бекеттерін ұйымдастырып өткізді. Бұл бекеттер бірнеше бөлімдерден құрылды. Мысалы, атап айтсақ, Абайдың балалық шағынан бастау алып, әрі қарай қара сөздері, өлеңдері, поэмалары насихатталып, әндері орындалып, көрермендерге паш етілді. Абайдың балалық шағына ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.

Келесі «Жастық шақ» бекетінде «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты жастар арасындағы поэтикалық батлл өтті. Біле білсек, қазіргі таңда әдебиет сүйер жастарға азық боларлық қазына Абайда мол.

«Абай және Пушкин – қос данышпан» бекетінде Абай мен Пушкин шығармашылығының үндестігі туралы айтсақ, ең алдымен, біздің ойымызға атақты «Евгений Онегин» романы оралады. Оның «Евгений Онегині» Абай көңіліне тіпті жақын келеді. Бұл өлеңдердің ішінде «Татьянаның сөзі» қазақ даласына ән болып таралды.

Артбук, қолөнер көрмесі, суретшілер бұрышында кітапханашылар келген қонақтарды қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстырып өтті.

«Абай – ойдың данасы…» шығармашылық бекетінде қазақтың ұлы ақыны Абай Кұнанбайұлына жас ақындарымыз Абай туралы жазған өлеңдерін көрермен назарына ұсынды. «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей суырыпсалма жас ақындарымыз ұлы Абайға деген құрметтерін өлеңмен жеткізді. Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. «НҰР-АНА» әлемі қоғамдық бірлестігінің мүшелері «Ән Абай» деп, Абай әндерін тамылжыта орындап, көрерменді әнмен сусындатты.

«Сәтті формуляр» лотореялық ойыны оқырмандар арасында өтті. «Түйе» қоржыннан алтын монеталар алынды. Осылайша, оқырмандарға арналған лотереялық ұтыс билеттері ойнатылды. Жеңіске жеткен оқырмандарға шағын сыйлықтар тарту етілді.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні. Бүгінгі өткен кешіміз – Абай шығармашылығына арналған бастамасы ғана. Алдағы уақытта орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымдары жыл  бойы  өткізетін  іс-шараларын  Абайдың мұрасына арнайды. Абай кешіне қала басшылары, зиялы қауым өкілдері, жыршы әрі абайтанушы Әсенов Даниал Сабырұлы, Павлодар облыстық «НҰР-АНА» әлемі қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сонымен қатар, студенттер мен оқушылар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері, барлығы – 234 адам қатысты.

 

«Абай кеші» ұлы ғұламаны жан-жақтан сипаттау ретінде бекеттерге бөлініп, кешке келген қонақтарды тек көрермен ретінде емес, қатысушы болатындай мүмкіндік туғызып қызықтыра түсті.

 

«Абай кеші» іс-шарасының маршруты:

 

1-бекет: «Бала Абай немесе Жас Абай»

/Жастар Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, өлеңдерінен, поэмаларынан, қара сөздерінен үзінділер оқыды /.

2-бекет: «Ән Абай»

/Дәстүрлі әншілер, Шаңырақ орталығы, Иса Байзақов филармониясы, Естай атындағы Мәдениет сарайы т.б. Абайдың әндерін орындады/.

                                      3-бекет: «Философ Абай»

/Ғалымдар, профессорлар, зиялы қауым өкілдері, ақындар сөйлейді, содан кейін спектакль, инсценировка, театрландырылған қойылымдар қойылып, интернет желісінен алынған Абай туралы фильмдер т.б. көрсетілді /.

4-бекет: «Кел, Абайды оқиық» челленджі

/Кітапханашылар ұжымы тікелей эфирде Абай өлеңдерінен челлендж өткізді /.

5-бекет: «Абай – тұтас бір әлем» кітап көрмесі

/Көрмеге кітапхана қорынан Абайдың балалықтан даналыққа дейінгі жүріп өткен жолдарына байланысты кітаптары, зерттеулері, шығармашылығы, еңбектері т.б. қойылды/.

6-бекет: «Ашық сұхбат алаңы»

/Қала басшылары, зиялы қауым өкілдері, кітапхананың тұрақты оқырмандары немесе қала тұрғындары сұхбат берді /.

7-бекет: «Абай ауылы»

/Бұл жерде бата беретін ақсақал, ертегі оқып отырған әже, ұршық иірген ана, асық, тоғызқұмалақ ойнаған балалар, шаш өрген келіншек отырады.  Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін келген қонақтарға осы Абай ауылынан дәм татқызылды.

Ұлы ақын Абайға қатысты «Абай – ғұлама» дәріс беру циклы – ұлы, ойшыл ақынның еңбегін ғылым тұрғысынан тереңірек ұғынуға мүмкіндік болды. «Мен Абайды таныдым» ой бөлісу – Абайды тек қана біліп қоймай, ой-санасына қалай әсер еткені, Абайды тану арқылы ой-өрісі кеңейгені, қандай деңгейге өскені, жетілгені туралы әркім өзі үшін анықтау мақсатында жасалған, жасөспірімдерге, көпшілікке арналған жоба еді. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан оқу марафоны, әр қазақ өзі оқып, басқаға оқы деп нұсқайтын роман екенінің көздеушісі болса,  «Абай және музыка» саяхаты – Абайдың музыка әлеміне ой жүгіртуге шақырады сонымен қатар, Абай шығармаларын дауыстап оқу, «Кел, Абайды оқиық!» челленджі ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Осындай онлайн шараларға қаламыздың белгілі тұлғалары, кітапхана оқырмандары, студенттер, мектеп оқушылары ат салысып, ақын шығармаларын оқып, жұртшылыққа тарту етті.

Абайды тану, білу, насихаттау ол – қазақтың  табиғи  болмысын, кең ой-өрісін, білім-танымын паш ету, мадақтау. Өткен жылы Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы бастау алған. Осы эстафетаға еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ат салысты. Ел азаматтары, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытқан. Биылғы жылы да Абай өлеңдерін, поэмаларын, қара сөздерін оқу челленджі әлеуметтік желілерде жаңа форматта әлі де өз жалғасын табуда. Абайдың рухани мұрасын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы. Абай – қазақ халқының рухани көсемі. Себебі, руханилықтың мол азығы – Абайда жатыр. Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әр қазақ мойындау керек және әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бүгінгі күнде Абайды қазақ халқының мотиваторы деп білеміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.